Сенбі, 23 Қараша 2024
2119 0 пікір 24 Желтоқсан, 2020 сағат 11:35

Мәжіліс өлім жазасынан бас тартуға міндеттейтін хаттаманы мақұлдады

Қазақстан парламентінің төменгі палатасы 23 желтоқсанда Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасынан бас тартуға міндеттейтін екінші факультативті хаттамасын ратификациялауды мақұлдады. Елде 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған.

Мәжілісте құжатты таныстырған сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан хаттаманы толық ратификациялағаннан кейін өлім жазасын қолданбау міндетін алады деді. Бірақ бір жағдайда ғана қолдануы мүмкін.

"Екінші факультативтік хаттаманың 2-бабына сәйкес, Қазақстан соғыс уақытында жасалған әскери ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылғандарға, соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады" деді министр.

Қыркүйек айында Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілі Қайрат Омаров сыртқы істер министрлігі "Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасын жоюға бағытталған екінші факультативтік хаттамасына қол қойды" деп хабарлаған еді. Ведомствоның хабарлауынша, парламент құжатты толық ратификациялап, заңнамаға арнайы түзету енгізгеннен кейін хаттама күшіне енеді.

Қазір Қылмыстық кодексте 10-нан астам қылмыс құрамы ("мемлекетке опасыздық жасау", "терроризм", "соғыс уақытында жасалған ауыр қылмыстар" және т.б) бойынша өлім жазасын қолдану қарастырылған. Қылмыстық кодексте бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қастандық жасағандарды да өлім жазасына кесу қарастырылған.

Құқық қорғаушылар билікті бірнеше рет өлім жазасын алып тастауға шақырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371