Алматыда Аяз ата шақыруға тыйым салынады
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, адам көп жиналатын жерлерде ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар және отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, кейбір жаңажылдық іс-шараларды өткізуге де тыйым салу туралы шешім қабылданған.
«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салу» , - делінген қаулыда.
Құжатта мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтар мен қала мектептерінде 1-5-сынып аралығында қосымша кезекші сыныптар ашуды тоқтату туралы айтылған.
«Сауда нысандары, оның ішінде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің жұмысы жұмыс, демалыс және мереке күндері 23.00-ге дейін ұзартылады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ге дейін қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істейді. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 17.00-ге дейін шектеледі» , - делінген құжатта.
Abai.kz