Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5215 6 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 13:50

Полиция: «Астанада «НОД» ұйымы жоқ», дейді

«Единая Россия» партиясы Саяси кеңесінің және думадағы «Бюджет және салық» комитетінің мүшесі, РФ мемлекеттік кеңесшісі, Ауған соғысының ардагері және «Ұлттық азат ету қозғалысы» (ҰАҚ/НОД) саяси бірлестіктерінің серкесі Евгений Федоровтың еліміздің, жеріміздің тұтастығына селкеулік түсіретін аты шулы бейнебаянынан кейін осы «ҰАҚ-тың» елімізде тамыр жайғанын отандық БАҚ кеңінен жазды.

«Abai.kz» ақпараттық порталында «Федоровтың ұйымы кімді, неден азат етпекші?» атты ұжымдық мақала жарық көрген болатын.

Енді отандық БАҚ «Kaztag-қа» сілтеме жасай отырып, Нұр-Сұлтан полициясы «Елордамызда Федоровтың ҰАҚ штабы жоқ», деп «StopFake» ресурсында мәлімдеме жасағаны туралы жарыса жазуда.

«Kaztag» агентігінің тілішісі: «Данная информация проверена. По вышеуказанному адресу и на территории столицы в целом штаба организации под названием НОД не существует. Ссылка фейковая, а лица, указанные в этой организации, не являются гражданами РК. Просим не поддаваться на провокационные действия», - деген Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәлімдемесін жария етті.

Аталған ресурс фейктік жаңалық алынып тасталғанымен ел тұрғындарының бұл сайтқа әлі кіре алады дегенін немен түсіндіруге болады? Енді тек осы мәселеге қатысты білек сыбана кіріскен ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті не тындырады деп әліптің артын күту ғана қалды.

Сонда бұрын анда-санда ғана елімізге қарсы жүргізіліп келе жатқан ресейлік кибершабуылдың енді қауырт күш ала басталғаны, дәл қазір оған ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қауқар қыла алмай отырғаны неге жұрттан жасырылып жабылады? Бұл «сасқан үйректің артымен жүзедісінің» кері емес пе?!

Әлде біздегі ресейлік БАҚ және телеарналардың жаппай жабылуын осы науқандық дауылдан сақтап қалу үшін әлдебіреулердің істеп отырған айла-шарғысы ма, деген ой қылаң береді.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322