Карантинді бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,1 миллиард айыппұл салынды
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтарға 1,1 миллиард айыппұл салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 17 тамыздан бастап 60 375 рейд жүргізілді, 267 866 нысан қамтылды, оның ішінде 20 504 нысан заң бұзушылықтармен, 19 406 әкімшілік айыппұл салынды.
Карантин шараларын бұзудың басым бөлігі Түркістан, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтанда анықталды. Талдау көрсеткендей, қызметіне тыйым салынған объектілер жұмыс істеді, шектеу режимін сақтамады және бұқаралық іс-шаралар өткізді. 1,1 млрд. теңгеден астам сомаға 11 285 адам әкімшілік айыппұлға тартылды, 300 млн.теңгеге жуығы қорғаныс маскаларының болмағаны үшін жеке тұлғаларға айыппұл сомасын құрады.
«Бірнеше рет әкімшілік айыппұлдарға қарамастан, кейбір нысандар шектеу және карантин режимінің талаптарын елемей отыр. Бүгінгі таңда "қасақана бұзушылар" қатарында 254 объект бар, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин режимін жүйелі түрде бұзатын объектілер - 56, Шымкентте - 47, Қостанай облысында - 25. Мұндай объектілер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары әкімшілік материалдарды қызметті тоқтата тұру туралы мәселені шешу үшін сотқа береді. 1 қарашадан бастап 132 объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде 128-де бұзушылықтар анықталды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 329 хаттама жасалды, 31 материал сотқа берілді. Сот шешімімен 6 нысанның қызметі тоқтатылды, 7-і әкімшілік айыппұлға тартылды»,- деп атап өтті М.Шоранов.
Abai.kz