Сенбі, 23 Қараша 2024
2673 1 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 19:10

Депутаттыққа үміткер «Есіктен-есікке» акциясын өткізді

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абдиев Диас Нұрланұлы Біртілек​ ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінде «Есіктен-есікке» акциясын өткізді.

Акция барысында үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың​ 7 басым бағытын таныстырды. Атап айқында: Кәсіпкерлерді қолдау, «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның ТО филиалы, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 1500 жобаны несиелендіруге; жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 10 азаматқа грант ұсынуға; «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 250-ден аса азаматтардың гранттар (100) мен шағын несиелер (150) алуына; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 80 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға; мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 120-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға партия тарапынан ықпал жасайды.

Бағдарламаның халық үшін тиімді экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377