Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 6820 54 пікір 30 Желтоқсан, 2020 сағат 14:27

Шевченко: Мәскеуден тек империализмді күтуге болады

Ресейлік журналист һәм саясатшы Максим Шевченко жуырда «Tengrinews.kz» сайтына сұхбат беріпті. РФ Мемлекетік Думасы депутаттарының Қазақстан территориясы туралы сала-құлаш сөздеріне қатысты түсініктеме беріп, өз пікірін айтыпты.

Сонымен, Максим Шевченко не дейді? Біз орыс саясатшысының сөздерін оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

«Мен бұл кездейсоқ мәлімдеме емес, Ресей билігінің көршілерін қорқыту және «аға мен іні» жағдайын туғызу үшін жасап отырған империалистік бағыттың жалғасы деп санаймын. Олардың ойларынша, Ресей барлығына «аға» да, қалғандары сол Ресейдің бар болғаны үшін оларға қарыздар-мыс».

«Ресей мемлекеті Қазақстанға Тәуелсіздік берді» дегенді Никонов ойлап тапқан жоқ. Мемлекеттік Думаның вице-спикері Петр Толстой орыс-түрік диалогы тек Куликово шайқасымен шектелетінін, айтты. Федоров та осыған өзінің бес тиындық ойын қосты.

Сондықтан, менің ойымша, посткеңестік кеңістікте ұзақ уақыт жұмсақ күшке («soft power») жауапты болған «Русский мир» қорының басшысы Никоновтың сөзі кездейсоқ емес. Бұл Анатолий Чубайс айтқандай либералды империя форматындағы Ресей империализмін қалпына келтіру жөніндегі ортақ жолдың жалғасы».

Бүгінгі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы туралы:

«Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында. Иә, бұл тек Назарбаевтың сіңірген еңбегі. Ресейдің еңбегі жоқ. Ресейден тек дөрекі, қорлау және ерсі сөздер шығады. 1990 жылдардан бастап... Роскосмостың қазіргі басшысы Дмитрий Рогозин солтүстік аумақтарды Қазақстаннан тартып алуға ашық шыққан орыс қауымдастықтары конгресін басқарған кезден бастап, Жириновскийдің мәлімдемелері, Лимоновтың Қазақстанға басып кіру әрекеті, партизандық қозғалысты көтеру әрекеті т.б. соның дәлелі».

«Мәскеуде отырған бұл алаяқтар біздің Ресейдің нақты тарихы туралы түсініктері жоқ. Тіпті, мектептегі тарих оқулығын оқымағанына, мен сенімдімін. Бірақ, олар газ, мұнай құбырлары мен атомдық ракеталарды басқаратындықтан, өздерін «Наполеон» санайды. Менің ойымша, империализм Мәскеуден келеді».

Талқылайық. Орыс саясатшысының осы пікіріне қатысты сіз не дейсіз, мәртебелі оқырман?!

Сайтқа әзірлеген Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

54 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970