Муллахунов кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесті
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдурасул Муллахунов кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары мен мақсат-міндеттері сөз болды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыру, еңбек ұжымдарының кәсіподақ қозғалысына атсалысуы, әлеуметтік желі арқылы жұмысты жандандыру, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, кәсіподақ белсенділерінің біліктілігін арттыру, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар талқыланды. А.Сұлтанұлы «Қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын кәсіподақ ұйымдарының маңызы зор.
Елбасы Н.Назарбаев «Жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс» деген болатын. Яғни, еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау, талап ету ұйым үшін маңызды да жауапты міндет болып саналады»-деп мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі туралы айтып өтті. «Nur Otan» партиясы жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет екенін алға тартады.
Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Ол үшін «Nur Otan» партиясы қала тұрғындарының мәселелерін ашық талқылау және шешу жолдарын іздеу алаңына айналмақ. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын 90%-ға және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып мемлекеттік қызметті автоматтандыруды 100% -ға жеткізуге жәрдемдесетін болады.
«Open Taldyqorgan: Ашық әкімдік» цифрлық ақпараттық жүйелерін дамытуға ықпал етеді. 2025 жылға қарай екі ХҚКО құрылысы жүргізіліп, қолданысқа беріледі. «Талдықорған – адал қала» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларға азаматтарды тартуға көмек көрсету, әкімдіктер жанындағы қоғамдық және бақылау кеңестерінің жұмысына азаматтық сектор өкілдерін тартуды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігінің партиялық және қоғамдық мониторингін жүргізу сынды шаралар да назардан тыс қалмақ емес.
Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Талдықорған қалалық филиалының сайлау қорынан төленді.
Abai.kz