Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2113 1 пікір 8 Қаңтар, 2021 сағат 17:35

Үгіт-насихаттың соңғы күні қалай жүріп жатыр?

Бүгін Парламент және мәслихат депутаттығына үміткерлердің соңғы үгіт-насихат күні. Ертең, яғни сайлауға бір күн қалғанда тыныштық күні өтеді. Ал, 10 қаңтар күні сайлау.

Сонымен, сайлауға қатысып жатқан саяси партиялардың үгіт-насихаттар жұмыстары қалай жүріп жатыр?..

VII съезд политической партии «ADAL» проходит в Нур-Султане

«ADAL» партиясы

«ADAL»  партиясы Қазақстандағы парламенттік сайлау тарихында тұңғыш рет бүгін депутаттыққа үміткерлердің 12 сағаттық тікелей эфирін өткізіп жатыр.

«ADAL» партиясының Инстаграм мен Фэйсбуктегі ресми парақшаларында, сондай-ақ Youtube-каналында үзіліссіз тікелей эфир 8 қаңтарда сағат 12.00-ден 23.59-ға дейін ұйымдастырылды. Осылайша, тікелей эфир БАҚ пен Интернетте кез-келген үгіт материалдарын жариялауға тыйым салынған «тыныштық күні» деп аталатын күн басталуға бір минут қалғанда аяқталады.

Тікелей эфирды Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Алмасбек Садырбаев, Лаура Маликова, Ақмарал Бекмұрзаева, Алина Асқарова және партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Ануар Керембаев жүргізеді.

Ақ жол» партиясы сайлауға қатысатынын мәлімдеді

«Ақ жол» партиясы

«Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен!» атты автошеруі еліміздің барлық қалаларында өтті. Мұндай креативті әрі ерекше науқанды «Ақ жолдың» республикалық штабы дәстүрлі түрде үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде ұйымдастырады.

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріндегі «Ақ жол» партиясының кеңселерінен жалаулар және үгіт атрибуттарымен безендірілген ақ автокөліктер легі бір мезгілде жолға шықты.

Көліктердің түсінің ақ болуы кездейсоқтық емес, ол «Ақ жол» демократиялық партиясының атауы - жарқын жолмен сәйкес келеді. Ақ түс тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын білдіреді.

Аудио

«Ауыл» партиясы

2021 жылғы 8 қаңтарда «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» ЖШС-гі базасында «Ауыл  – ел ырзығының иесі!» акциясымен өзінің сайлауалды науқанын аяқтады. Іс-шараға партия төрағасы Әли Бектаева, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға кандидаттар қатысты.

«Ауыл» партиясының төрағасы үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысына тоқталып, осы іс-шараны өткізу орны мен форматын таңдау кездейсоқ емес екенін атап өтті, өйткені бағдарламалық платформаның басты бағыты АӨК-ті дамыту және ауылды жандандыру болып табылады.

Ол бір ай ішінде барлық өңірлерде толық ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілгенін атап өтті. «Ауыл» партиясының үгіт жұмысы бір күнге де тоқтаған жоқ. Үгіт-насихат жұмысының алғашқы күнінен бастап республикалық және облыстық БАҚ-та жариялаумен 200-ден астам іс-шара өткізілді. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес өңірлерде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың қатысуымен тиісті деңгейде 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. 6000-нан астам іс-шара облыстық және аудандық мәслихаттарға кандидаттардың қатысуымен республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып ұйымдастырылды, оған «Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттардың кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері, кеңестер, дөңгелек үстелдер, флэшмобтар кірді. 20 желтоқсаннан бастап «Ауылдан Ауылға» республикалық акциясы басталды, оның мақсаты ең шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу және оларға партияның сайлауалды бағдарламасын жеткізу. Осы уақыт ішінде барлық деңгейдегі депутаттыққа кандидаттар 2145 ауылға барды.

Без Косарева: НПК выдвинула кандидатов в Мажилис - Dalainform.kz

Қазақстан Халық партиясы

8 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясының баспасөз конференциясы өтті. Брифингті ұйымдастырушылар ҚХП атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мен «URANkz» РҚБ өкілдерін біріктірген «қызыл автобус» акциясының қорытындыларымен бөлісті.

Бірнеше ай бойы, соның ішінде сайлау алдындағы үгіт кезеңінде ҚХП атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар журналистермен және блогерлермен бірге еліміздің өңірлерін аралады. «URANkz» қозғалысының және партияның мүшелері Қазақстанның түкпір-түкпірінде адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын өз көздерімен көрді. Олар жергілікті билік тарапынан жылдар бойы шешілмеген негізгі проблемаларды анықтады.

Брифингке қатысушылар өңірлердегі проблемаларға қатысты мысалдарды көптеп айтуға болатынын атап өтті. ҚХП өкілдері қоғамда партия өкілдеріне айтылған барлық ұсыныстарды қолдайтынына сенім білдірді. Бұл –Қазақстанның аумақтық тұтастығы, мемлекеттік тілді дамыту, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және т. б. жөніндегі мәлімдемелер.

Abai.kz

1 пікір