Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3444 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 19:57

Алмас КЕРІМ. Әскердегі әлімжеттік әлі де тыйылар емес

Соңғы кезде қазақ-өзбек шекарасындағы заңсыз тауар өткізу немесе «ала топылы» өзбек ағайындарының шекара асып, тіркеусіз елімізде жұмыс жасауы күннен-күнге етек жайып, тамырлап барады. Осындай заңсыз әрекетке тосқауыл болған оқиғаға Сарыағаш қаласындағы №20-20 әскери бөлімінің қатарындағы жауынгері Медет Рүстемов те атсалысты. Алайда, жауынгер мадақ-марапат алудың орнына застава бастығынан таяқ жеп «мүгедек» атанады.

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевқа, мен Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылы, Тастандиев көшесі, 72 үй тұрғыны, жеті баланың анасы, зейнеткер Әбдіқасымова Ажарбибі басыма түскен қиыншылықтың ақ-қарасын айырып берулеріңізді сұрап өтініш беріп отырмын», деген хат жолдары бізді де бейжай қалдырмады.

Осы мекен-жай бойынша Медеттің ағайын-туыстарына хабарлас-қанымызда, әпкесі Майгүл Рүстемова оқиғаның анық-қанығын былай деп түсіндіріп берді:

- Әңгіменің төркіні 1988 жылы туылған менің інім Рүстемов Медет Бекенұлы Өткен жылдың 17 мамырында Алматы облысы, Райымбек аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылып, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы №20-20 әскери бөлімге түскен. Дәрігерлік комиссиядан өткенде денсаулығы дұрыстығы анықталған ол шекаралық қызмет атқарды. Биылғы жылдың 12 ақпанында әскери госпитальға қыли диагнозымен түскенін хабарлады.

Ертесіне Алматыға әскери госпитальға жеткен анам Надежда Алексеевна деген көз дәрігеріне жолықса, ол мұндай аурудың тек бастан тиген ауыр соққыдан ғана болатынын, бірақ Медеттің үзілді-кесілді оны жоққа шығарып, айтпай отырғанын жеткізген. Әлі ол жақта әскери борышымды өтеймін ғой, - дегені болмаса, інім бізге ашық ештеңені де айтпады. Екі ай госпитальда жатып емделген соң, оны үстіміздегі жылдың 18 сәуірінде әскери бөлімге қайта жіберді. Арада екі күн өткеннен кейін Медет жағдайының нашар екендігін, көзінің көрмейтіндігін, өткенде не болғанын айтқысы келетінін білдіріп, ауылға қоңырау шалды. Қатты күйзелген анам ауырып жатып қалды да, Сарыағашқа сіңлім Ақмоншақ екеуміз бардық. Біз онда жеткен соң, штаб басшысы майор Қайтбаев Ерке Тоқтарұлының қабылдауында болдық. Ол кісінің қатысуымен інім Медет болған оқиғаны түгелдей айтып берді. Оның баяндауынша, кезекшілікті атқарып тұрған кезде танымайтын бөгде адамдар келіп, тауарларын шекарадан өткізіп берулерін сұранады. Медет үзілді-кесілді қарсы болған соң, олар застава бастығының бұйрығы екендігін айтып, ұялы телефонды теріп, дөкір дауыспен «бұл сенің застава бастығының не дейтінін тыңда», - деп бұған ұсынады.

Жауынгерлік жарғы бойынша қару мен құжаттан басқа ештеңе ұстауға болмайтынын білетін Медет ұялы телефонды қолына да алмайды. Кезекшіліктен келгеннен кейін застава бастығы Е.Шалаев 3-4 рет қару жарағын тазалаттырып, бірнеше жауынгерлердің алдында резеңке сойылмен басына бірнеше рет соққы береді. Есінен танып қалған Медетті 10 күн санитарлық бөлімде ұстап, көзі қылиланғаннан соң ғана госпитальға жөнелтеді. Осы екі аралықта Үшаралға ауысып үлгерген Е.Шалаев 70 мың теңге шамасында ақша беретіндігін, ұрғаны жөнінде әңгіме қозғамауын сұрап, Медетке ұсыныс жасайды. Бұл әңгімені майор Қанат Бәйтенов те (куәлік жасай алады) естіген...».

Міне, әпкесі көзіне жас алып, барлығын дерлік бізге баяндап берді. Қазір інісімен қоса анасының да қатты хәлде ауырып жатқанын айтып, осы іске кінәлі кісілер ҚР Заңына сәйкес жазаларын алса, - дейді Майгүл.
Жазықсыз таяқ жеген Медет әскер қатарына 12 мүшесі сау аттанған болатын. Ал бүгінде Рүстемовтер отбасы Медеттің жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанына қатты алаңдаушылық білдіруде. Майгүл інісінің көзінің алды мұнарланып, жасаурап, қызарып, бас ауруына күнделікті жаны қиналатынын және оны госпитальға жатқызып, жан-жақты тексерілуіне, ем-дом қабылдауына еш қол жеткізе алмай отырғанын қоса жеткізді.
Балық басынан шіриді демекші, жоғары жақтағы әскери шенеуніктер қару-жарақтан пайда тапқысы келіп былықтары әшкереленіп жатса, зас-тава бастығының кесірінен біреудің қаршадай ұлы зардап шегеді. Осыдан кейін елінің шекарасын қорғаймын деп, өзіне пәле тілеп алған жауынгер не ойлайды? Мұны білген Медеттің қатарлас жауынгерлері де бұл оқиғадан «жақсы» үлгі алары хақ. Қайткенмен де әскери борышын өтеп жүрген Отан қорғаушыларымыз әлімжеттіктен әлі арылмағандығы байқалады.

Қорғаныс министрлігінің басшылары жауынгер Медет Рүстемовтің тағдырына араша түседі деген үміттеміз.

Алмас КЕРІМ

«Нұр Астана» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019