Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3462 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 10:57

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ. Күмбірлейді күйшінің домбырасы

Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайында «Күмбірлеп домбырасы Нұр-ағаңның» атты музыкалық-танымдық кеш өтті.

Бұл шара «Өнер» халықтық-қоғамдық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Халық Қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің домбырасын мұражайға тапсыру салтанатына орайластырылды.

Кеш шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дін-Зухра Нұрғисақызы жетекшілік ететін Н.Тілендиев атындағы қазақтың мемлекеттік-академиялық «Отырар сазы» оркестрі «Ата толғауы» күйімен ашты. Одан кейін қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғаның өмір жолына шолу жасалды.

Гита Сыбанбаева, Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайының қызметкері:

«Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Тәңірдің тіліндей күй сарындарын әке алдында отырып, көкірегіне қонақтатқан бала әйгілі Кенен ақынның қарындасы, анасы Салиханың сызылта салатын сұлу әндеріне жан жүрегі тербеліп өседі. Мүшел жасқа толар-толмас кезінде қазақ пен қырғыздың, орыс пен татардың музы-калық аспаптарында алуан түрлі ән-күйді құйқылжыта тартқанда ауыл-аймағы аузын ашып, көзін жұмады екен.

Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайында «Күмбірлеп домбырасы Нұр-ағаңның» атты музыкалық-танымдық кеш өтті.

Бұл шара «Өнер» халықтық-қоғамдық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Халық Қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің домбырасын мұражайға тапсыру салтанатына орайластырылды.

Кеш шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дін-Зухра Нұрғисақызы жетекшілік ететін Н.Тілендиев атындағы қазақтың мемлекеттік-академиялық «Отырар сазы» оркестрі «Ата толғауы» күйімен ашты. Одан кейін қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғаның өмір жолына шолу жасалды.

Гита Сыбанбаева, Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайының қызметкері:

«Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Тәңірдің тіліндей күй сарындарын әке алдында отырып, көкірегіне қонақтатқан бала әйгілі Кенен ақынның қарындасы, анасы Салиханың сызылта салатын сұлу әндеріне жан жүрегі тербеліп өседі. Мүшел жасқа толар-толмас кезінде қазақ пен қырғыздың, орыс пен татардың музы-калық аспаптарында алуан түрлі ән-күйді құйқылжыта тартқанда ауыл-аймағы аузын ашып, көзін жұмады екен.

Есейе келе, Кененнен бата алып, жыр жампозы Жамбылдың сарқытын ішеді. Алайда 14 жасында үлкен өнердің сара жолына қадам бастырған қазақ музыкасының майталманы әйгілі Ахмет Жұбанов еді. Баланың бойындағы бұла дарынды дана Ахмет бірден таниды. Таниды да қолынан жетектеп алып келіп, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылар тобына қосады.

Бала күйшіге оркестр құрамындағы өңшең дәулескерлердің ішінен домбырашылықтың дүлдүлі Қали Жантілеудің оң жағынан орын тиеді. Қалидың алдын көрген құйма құлақ жас дарын бұрын күйді қызығып тартса, енді күйді құнығып тартатын болады. Бұрын күйді ерігіп тартса, енді елігіп тартады.

Нұрғиса Атабайұлы өзінің барша қабілет-дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ-даңқ іздеген жоқ, атақ-даңқ оны іздеп тапты».Әрі қарай кеш тізгінін қолына алған «Өнер» халықтық-қоғамдық университетінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі «Осы киелі шаңырақта қазақтың батыр ұлы, әрі ақын, әрі композитор Махамбеттің, жүз жасаған жыр алыбы - Жамбылдың, күй атасы - Құрманғазының, қазақтың бас ақыны хакім Абайдың, сонымен қатар бір ғасырда біртуар жезтаңдай әншілер Біржан сал мен Әміре Қашаубаевтың, Қаратау күйшілік мектебінің негізін қалаушы, шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының және ұлы композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың домбыралары сақталған. Осы аталған ұлылардың аспаптардың қатарында енді Нұрғиса Тілендиевтің он саусағы еркін ойнаған, екі ішекті, бір тиекті қасиетті домбырасын да көре аласыздар. Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайының директоры міндетін атқарушы Ерлікбай Әлімқұлов ағамыздың бастамасымен Дариға Тілендікеліні күйшінің «көзін» өз қолымен тапсырып, дәстүр жалғастығын сабақтастырып отыр» дей келе, сал-серілердің көзі болған, өзі болған сахна саңлағының басшылығымен өмірге келген оркестрге тоқталды.

- Кезінде белгілі өнертанушы Болат Сарыбаев қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинап, зерттеген еді. Домбыра мен қобыздан басқа, жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау сияқты осы саз аспаптарын қайта жаңғыртып, жұртшылыққа жеткізу мақсатында Нұрғиса Тілендиев 1980 жылы оркестр ұйым-дастырды. Қазақ филармониясы жанынан құрылған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді. Екі жылдан кейін қанатын кеңге жайып, оркестрге айналды. 1984 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальге қатысып, дүниенің түкпір-түкпірін аралады. 1985 жылы Мәскеудің П.Чайковский атындағы үлкен концерт залында өткен шығармашылық концертте жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігімен танылып, Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты атанды. 1994 жылы Солтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік өнер фестивалінде бас бәйгені иеленіп, алтын жүлдемен оралды. 1999 жылы оркестрге Тілендиев есімі, 2000 жылы Академиялық атақ берілді, - деді.

Ал күйші-композитордың әндерін ең алғаш орындаған Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, күміс көмей әнші Нұрғали Нүсіпжанов «Қазақтың маңдайына Нұр-ағаңдай ұл сыйлаған Атабай әкемізге, Салиха анамызға мың бір тағзым. Кез келген мықты дом-бырашы оркестр ұйымдастырып, басқара алмайды. Сондай-ақ кез келген дирижер композитор атанып, музыка жаза алмайды. Мәдени саладағы бір өзі жүріп атқарған жұмысын отыз шақты жігіт жабылып орындай алмайтыны да ақиқат. Ол кісі туралы естелікті жыр қылып айтуға болады. Екеуміз ұзақ жылдар қоян-қолтық араластық. Мен жекеменшік әншісі едім. 20-30 әнін менің дауысыма арнап шығарған. Әрине, онымен мақтанып отырған жоқпын. Мақтанғаннан гөрі, арғы жа-ғында тұрған аманаттың жауапкершілігі үлкен екенін айтқаным жөн болар. Өйткені өнер тарланының мұралары толықтай жарыққа шыққан жоқ. Жартысынан көбі әзірге орындала қоймады. Өзі ертерек кетіп қалды. Өмірден өткеннен кейін өзім сегіз әнін оркестрге түсірдім. Драмалық қойылымдарға, киноға жазған туындылары көлеңкеде қалмай, әлемге тарауы тиіс. Оларды репертуарға қосу бәріміздің міндетіміз!» деп ағынан жарылып, ақтарыла сөйледі.

Бұдан кейін композитор жайлы поэма жазған қарымды қаламгер, ақын Мыңбай Рәш:

- Көкірек қарс айырылып, мың босаған,

Өзіңе ой көзімен күнде соғам.

Кірпікте үйірілген жас кеппей қойды,

Ұйқыңнан оянсаңшы, Нұрғиса ағам!, - деп келетін дастаннан үзінді оқып берді.

Ал «Нұрғиса Тілендиев» атты ғұмырнамалық деректі хикая жазған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі өнертанушы ғалым Жарқын Шәкәрім өз ойын ортаға сала отырып, дарабоз дом-бырашының беймәлім қырларын тілге тиек етті.

- Шынын айтқанда, Нұр-ағаңның жанында жүрмек түгілі, ол кісінің қасына баруға қорқатын едік. Жолымыз түйісіп қалса, демімізді ішімізге тартып тұрып қалатынбыз. Бірде есікті ашып қалсам, іште «Отырар сазының» дайындығы жүріп жатыр екен. Мені көре салып, «бері кел» деп қол бұлғады. Тізем дірілдеп алдына бардым. Сөйтсем, оркестрге алмақ ойы бар көрінеді. Бірақ мен басқа шаруаларыма байланысты ұсынысын орындай алмадым. Келесі кездескен уақытында «Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елеубеков жайлы кітап жазыпсың. Мен туралы қашан жазасың?» деген еді. Кейін Дариға Тілендікелінімен бірлесіп, сол естелік дүниеге келді, - деді өткенге көз жібере отырып.

Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық мұрасын өз қолынан үйреніп, насихаттап жүрген төл шәкірті Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ұлағатты ұстаз Қошқарбек Тасбергенов, Мұқағали мен Нұрғиса ағаларымыздың шығармашылық байланысы туралы «Мұқағали» журналының бас редакторы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Батық Мәжитұлы, белгілі қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтің ағасы Қалтан Бастаубаев та кеш кейіпкерін еске алып, жылы лебіздерін жеткізді.

«Күмбірлеп домбырасы Нұр-ағаңның» атты музыкалық-танымдық кеш барысында автордың «Алатау» әнін оркестрдің сүйемелдеуімен Жеңіс Ержанов, «Әке туралы ой» әнін Болат Қанағатов, «Дариға, домбырамды берші маған» әнін Жоламан Құжиманов, «Арман» күйін Қошқарбек Тасбергенов, «Аққу» күйін Андрей Фендриков орындады. Сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы қазақтың мемлекеттік-академиялық «Отырар сазы» оркестрі бірнеше күйін жиналғандарға тарту етті.

Ал мұражай басшысы міндетін атқарушы Ерлікбай Әлімқұлов осы шара барысында ұйымдастырылған көрме ай бойы жұмыс істейтінін жеткізді. Алматы тұрғындары мен қонақтары сөреге қойылған күйші домбырасы мен басқа да құнды жәдігерлерді тамашалай алады.

Дін-Зухра Тілендиева:

- Әкемнің домбырасы үйімізде, күнделікті көз алдымызда тұрғаны, әрине, бізге жақсы. Осы домбырасымен елу жылдан астам уақыт қолынан тастамай, «Қыз Жібек», «Менің атым - Қожа» сияқты фильмдер мен «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» мультфильмдеріне де музыка жазды. Бірақ аяулы әкем жалғыз біздің отбасымыздың тірегі ғана емес, халықтың баласы, мақтанышы болатын. Сондықтан әкемді сыйлайтын, құрмет тұтатын тыңдармандарына да бұл домбыра ортақ деп ойлаймын. Сол себептен, анам екеуміздің ойымыз бір жерден шығып, Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайының директоры міндетін атқарушы Ерлікбай Әлімқұловтың ұсынысын қабыл алдық.

«Айқын» газеті, 03.03.12

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366