Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 9429 14 пікір 20 Қаңтар, 2021 сағат 17:27

Жапония: Куриль аралдары Ресейдікі емес, біздікі!

Жапония билігі Ресеймен келіссөз кезінде Куриль аралдарының жарты территориясы, дәлірек айтқанда бүкіл оңтүстік бөлігі талап етілетінін айтыпты. Яғни, жапон билігі бұл территорияларды Жапония егемендігінің һәм Жапонияның бір бөлігі деп есептейді.

Бұл сөздерді Жапонияның жаңа премьер-министрі (былтыр сайланған) Ёсихидэ Сугу айтқан екен.

«Солтүстік территориялар (жапондар Курильді осылай деп атайды екен) – бұл біздің аралдарымыз. Ол біздің егемендігіміздің бір бөлігі. Одан бөлек, Ресеймен екіарадағы бейбіт келісім жөніндегі келіссөздерінің негізгі мәселесі – осы солтүстіктегі төрт аралдың меншік құқын анықтау. Бұл біздің Үкіметіміздің тұрақты ұстанымы һәм талабы», - депті Сугу.

Жапон премьері Парламенттегі сөзсайыс (дебат) кезінде, оппозиция саналатын Конституциялық-демократиялық партия (КДП) лидері Юкио Эданоның сауалына осылай деп жауап берген.

Ол сондай-ақ, Жапония алдағы уақытта Ресеймен бірлесе отырып, Курильдің оңтүстік бөлігіндегі шаруашылық жұмыстарды жалғастыра беретінін және бұл жұмыстар екі елдің заңдық позицияларына қайшы келмеуі керектігін айтқан.

Тақырыпқа тұздық ретінде: Жапония премьері Ёсихидэ Сугу осыған дейін (18 қаңтар 2021 жыл) Курильдің мәселесін бейбіт жолмен шешу керектігі туралы мәлімдеме жасапты. Курильдің кімге тиесілі екені туралы дауға біржолата нүкте қойылуы керек деп сөйлепті. Сугу бұл мәселені шешуде өзіне дейінге Жапония премьері болған Синзо Абэнің жолымен жүретінін айтқан.

Жапон премьерінің сөздерінен соң, орыс ақпараты: «Жапондар жер даулап жатыр», деп жарыса жазып жатыр. Міне, қараңыз:

Былтыр жапон журналисі әрі саясатшысы Юкио Касияма дейтін адам да Курильді қайтару керектігін айтып, Жапония билігіне талап қойған. Ол өз талабында Кунашир, Шикотан, Хабомаи және Итуруп жерлерін Ресейден қайтарып алуды, өйтпеген жағдайда Жапония билігі территория дауы бар Қытай мен Оңтүстік Корейге жерді қорғай алмайтынын, оп-оңай бере салатынын көрсетеді деп сөйлепті.

Жапония Курильді өз территориясы деп санайтынын кеше немесе бүгін ғана айтып отырған жоқ. Ал Ресей, сол даулы Курильде өзінің әскери нысандарын көбейте бастаған. Мысалы, былтыр Жапония Үкіметі даулы Куриль аралдарына Ресей билігі өз зениттік-зымырандық кешендерін (С-300В4 кешенін) орналастыруға қарсы наразылық білдірген.

Сондай-ақ, былтыр Ресейдің Бас прокуроры Курильдегі даулы аймақтарға сапарлап барған кезінде де Жапония Ресейге наразылық нотасын тапсырған.

Verelq News | В Японии полностью отменили введеный 8 апреля из-за коронавируса режим ЧС

2019 жылы Жапонияның сол кездегі премьері Синзо Абэ де Курильдің Жапонияға тиесілі екенін айтып мәлімдеме жасаған.

«Солтүстік территориялар – бұл біздің территориямыз. Ол жерде біздің суверенитетіміз жүреді. Бұл позициядан айныған жоқпыз. Келіссөздер барлық құжаттар негізінде жүріп жатыр. Алайда, 1956 жылғы жапон-совет декларациясы екі елдің де парламенттері ратификациялаған қолда бар жалғыз құжат болып тұр. Оның заңдық құқы әлі күнге дейін сақтаулы», - депті.

Токио мен Мәскеу Куриль аралдарының оңтүстік бөлігіне қатысты дауда ортақ келісімге келе алмай отыр. Әлі күнге. Жапония қазір Курильдегі Кунашир, Шикотан, Хабомаи және Итуруп дейтін жерлерді қайтарып алғысы келеді. 1855 жылғы сауда және шекара туралы екіжақты Трактат бойынша, бұл аймақтар Жапонияға тиесілі болған екен. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы бұл территориялар КСРО құрамына өткен. Ал 1956 жылы КСРО мен Жапония бірлесіп декларация қабылдаған. Ол бойынша КСРО жаңағы айтқан жерлердің екеуін Жапонияға қайтарып беруі керек болған. Алайда, Жапония бұл шартпен келіспеген. Одан кейінгі жүргізілген келіссөздердің барлығы дерлік сәтсіз аяқталып, дау шешілмеген. Ал қазір Ресей билігі Куриль аралдарының КСРО территориясы ретінде Ресейге өткенін және оны өз территориялары деп санайтынын айтып, тәналмай отыр.

Абэнің орнына келген Ёсихидэ Суга Куриль мәселесін түбегейлі шешетінін айтқанымен, сарапшылар Суга тұсында Токио-Мәскеу арасы суып, өзара санкция салу да мүмкін дейді.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404