Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2474 0 пікір 12 Наурыз, 2012 сағат 08:08

Ақырзаман болмайтын болыпты

Қаншама жылдан бері «ақырзаман таяп қалды» деп, күллі әлемнің үрейін ұшырумен айналысып келген атышулы американдық дін қызметкері Гароль Кемпинг ақыр-аяғы ақырзаманның қашан болатынын білмейтіндігін мойындады.

Ол бұл мәлімдемесін өз уағыздарын тарататын Family Network радиостансасына берген сұхбатында жария еткен. Сонымен қатар, ол ендігәрі «олай бал ашпаймын» деп уәде берген.

«Біз ақырзаманның дәл уақытын анықтаймыз деп, қатты қателескенімізді өкіне отырып мойындаймыз. Біз сол бір күнәға толы тұжырымымыз үшін Құдайдың алдында басымызды иіп, кешірім сұраймыз», ­- дейді ол тыңдарман қауымға.

Мәлімдемеде, сондай-ақ, аталмыш радионың ақырзаман тақырыбына ендігәрі оралмайтындығы туралы да айтылған. Кемпинг пен оның жақтастары: «Біз үлкен сабақ алдық және барлығы Құдайдың қолында екенін, ақырзаманның нақты мерзімін біз емес, тек Ол ғана білетінін түсіндік», ­- деп ағынан жарылады.

Бұрындары Кемпинг үнемі ақырзаманның таяп қалғанын айтып, нақты даталармен «дәлелдеп», елдің үрейін ұшырып келген болатын. Осыдан 17 жыл бұрын аталмыш дін қызметкері ақырзаман 1994 жылдың 15 қыркүйегінде болады деп мәлімдеген еді. Сол күні ештеңе болмаған соң, ол «аздап қателесіп» кеткенін жеткізген. Кемпингтің сөзіне сенсек, ол Інжілде жасырылған сәуегейлік сөздердің мағынасын ашатын математикалық жүйе ойлап тауыпты. Барлық «жаңалығын» сол жүйенің көмегімен ашады екен.

Алайда оның жүйесі бір де бір рет дұрыс көріпкелдік жасамаған. Кемпинг 2011 жылы келесі болжамымен шығып, соңғы жылдардағы жер сілкіністері Ақырет күнінің белгілері болып табылады деген мәлімдеме жасаған болатын. Тіпті, ол күн 21 мамырда болады деп нақты ай-күнін жария еткен.

21 мамыр келіп, ол да өткен соң, Кемпинг «негізінен екі ақырзаман болады, бірі - рухани, екіншісі - тәндік» деп ақталған-ды. Оның айтуынша, 21 мамыр күні «күллі әлем қорқыныштан дүр сілкінді», соның салдарынан «рухани өлді». Құдай осылайша «өзінің ойлаған ойын тура іске асырды». Сөйтіп, сәуегей заманақырдың екінші кезеңін белгілеп, 21 қазан деп атаған.

Оның сөзінше, бұл енді «тәндік» заманақыр болады екен. Онымен қоймай, «мен өте көп ойландым, ақыры «ақырзаман өте-мөте тыныш, ешкімге білдірмей келеді» деген тоқтамға келдім деген.

21 қазан да ың-шыңсыз тарих қойнауына енген соң, Кемпинг көпке дейін жым-жылас жатып алыпты. Неге десеңіз, айдың-күннің аманында абыройы айрандай төгілген дін қызметкері қатесін әбден мойындаған соң, өзін қалай ақтаудың жолдарын ойластырған. Кемпингтің айтуынша, ол қанша жерден қателессе де, оның уағыздары арқасында көптеген адамдардың Інжілді өз беттерімен оқып-білуге деген құштарлықтары артқан көрінеді.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383