Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 28218 2 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 19:00

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы оның заңгері Дмитрий Куряченко айтты.

«Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты. Бұл шешімді заңсыз деп ойлаймын. Сол себепті Тоқаевқа хат жолдадым»,- деді адвокат.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-министр мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ол өткен жылдың қараша айында тұтқындалды. 2020 жылдың 25 маусымында денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын.

2020 жылдың қарашасында адвокаты Біртановтың адвокаты экс-министрдің үйқамақта екенін мәлімдеді.

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты экс-министрді үйқамақта болуын ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236