Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3636 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 19:03

С.АХМЕТ. КӨНЕ ЗАМАН КҮМБІРІ

Отырар мемлекеттік археоло¬гиялық қорық-музейіне биыл 30 жыл толды

Бүгінде қазақ халқының орта ға¬сырлық ғылымы мен білімі, мә¬дениеті мен өнерінің кең тараған өлкесі Отырар даласының тарихи жәдігерлерін көздің қарашығын¬дай сақтап, насихаттап келе жат¬қан Республикада алғаш құрылған Отырар мемлекеттік археология¬лық қорық-музейіне 30 жыл, осы өңірде археологиялық кешенді қазба жұмысы жүргізілгеніне 40 жыл, Арыстанбаб кесенесінің қай¬та қаланғанына 100 жыл толып отыр.

Отырар мемлекеттік археоло¬гиялық қорық-музейіне биыл 30 жыл толды

Бүгінде қазақ халқының орта ға¬сырлық ғылымы мен білімі, мә¬дениеті мен өнерінің кең тараған өлкесі Отырар даласының тарихи жәдігерлерін көздің қарашығын¬дай сақтап, насихаттап келе жат¬қан Республикада алғаш құрылған Отырар мемлекеттік археология¬лық қорық-музейіне 30 жыл, осы өңірде археологиялық кешенді қазба жұмысы жүргізілгеніне 40 жыл, Арыстанбаб кесенесінің қай¬та қаланғанына 100 жыл толып отыр.
Қорық-музей республика кө¬лемінде археологиялық жәдігер¬лерді зерттеуді, қазба жұмысын жүргізетін, реставрация және же¬дел жөндеу арқылы ескерткіштер¬ді сақтау барысын дамытатын бір¬ден-бір мекеме десек, Отырар өңі¬рі¬нің бай тарихи ескерткіштерінің болашағын бағамдай білген ауыл ұстаздары Асантай Әлімов, Әуел¬хан Есжанов, Адасхан Алтаев, Еркебай Бүрлібаев өлкеміздің тарихи мұралары туралы ма¬қалалар жазып, жә¬дігерлер жи¬настырып, мектеп жаны¬нан өлкетану музейлерін ұйым¬дастырды. Отырар ауда¬нындағы (Қызылқұм ауданы) алғашқы музей 1962 жылы Балтакөл мектебіндегі ұстаз А.Алтаевтың ұйымдасты¬руы¬мен ашылды. Ағаларымыз елге елеусіз болып қалған әр¬бір ескерткіштер маңынан та¬былған, халық қолында жүр¬ген археологиялық, этногра¬фия¬лық жәдігерлерді жинас¬тырып, сақтап, қазақ халқы¬ның өткен тарихын елге та¬ны¬тып, жас ұрпақты елін-же¬рін, Отанын сүюге, ұлттық тари¬хын білуге, халқының шын сүйген азаматы болып қалыптасуына сү¬белі үлес қосты.
Отырар мемлекеттік архео¬ло¬гиялық қорық музейінің негізі осындай бастамалар арқылы 1967 жылы Асантай Әлімов ашқан мектеп мұражайынан бастау алды. 1973-1975 жылдар аралығында облыстық өлкетану музейінің фи¬лиалы ретінде қорында 600 жәді¬гері бар аудандық өлкетану му¬зейі, 1976 жылы аудандық мемле¬кеттік өлкетану музейі, 1979 жыл¬дың 11 мамырынан бастап ғы¬лыми зерттеу, мәдени ағарту және Қазақстанда тұңғыш рет архео¬ло¬гиялық тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесі болды. Қазіргі музей ғимаратының іргетасы 1979 жылдың 9 қазанында қаланып, 1982 жылдың басында толық пайдалануға берілді. Музейдің ішкі көрме залын жасақтауды “Қаз¬музейреставрация” маман¬дары жүргізді. Сол жылдан бері аудан көлеміндегі ескерткіштерді қорғайтын қорық-музейі болып табылады.
Отырар мемлекеттік археоло¬гия¬лық қорық-музейінің алғашқы директоры Әуелхан Есжанов болса, одан кейін Тө¬регелді Сыздықов, одан кейін Мұх¬тар Қожа таға¬йындалды, ал 2004 жыл¬дың тамыз айынан бас¬тап Нұртаза Алда¬бер¬генов басқарады.
1980 жылы Шымкент об¬лыстық кеңесі атқару комитетінің №66 қарарымен музей қарама¬ғында Отырар ауданы бойынша 29 археологиялық ескерткіш және олардың 500 га қорғау аймағы және Түркістан ауданы бойынша 30-дан астам археологиялық, ар¬хитектуралық (ол кезде Түркістан жеріндегі ескерткіштердің сақ¬та¬луына Отырар музейі жауап бе¬ретін) ескерткіштер бекітіліп бе¬рілді.
Ал 1982 жылы ҚазССР Ми¬нистр¬лер Кеңесінің №38 шешімі¬мен Отырар, Оқсыз археология¬лық ескерткіші, Арыстанбаб кесе¬несі Республикалық дәрежедегі ескерткіш болып бекітілсе, 1993 жылдың 29 қарашасында Отырар ауданы әкімінің №325 шешімімен Отырар өңірінің ескерткіштеріне жаңа жерді тұрақты пайдалануға құқық беретін мемлекеттік акт алы¬нып, ескерткіштердің қорық¬тық картасы сызылды. Аудандағы барлық бұрыннан белгілі болып келген ескерткіштермен қатар, бір¬неше жаңа ескерткіштер де тізімге алынып, олардың жерді тұрақты пайдаланатын аймағы және қорғау аймақтарының картасы жасалды. Мемлекеттік актіде барлығы 110 тарихи ескерткіш көрсетіліп, оның 63-не мемлекеттік акт алынды. Олар¬¬дың қорғау аймағы 11546,78 га болып ұлғайды. Қазіргі кезде Оты¬рар өңірінде жаңа ескерт¬кіш¬тердің табылуына қарай қайта құжаттар жасау ісі қолға алынуда.
Отырар мемлекеттік архео¬ло¬гиялық қорық-музей қызметінің мақ¬саты тарихи және мәдени маңы¬зы бар археологиялық және сәулет ескерткіштерін сақтау болса, онда тарихи мұраларды жи¬нақтау, сақтау, ғылыми зерт¬теу, ес¬керт¬кіштерді қор¬ғау, ағартушылық-экс¬курсиялық көпші¬лік жұмыстарын жүр¬гі¬зетін бес ғылыми бөлім жұмыс жасайды.
Сонымен қатар ғы¬лыми кітапхана қо¬рында 3000-ға тарта аса сирек кездесетін кітаптар бар. Музей қо¬рында музей сала¬сына қатысты өткен тарихымыз бен рухани мә¬дениетімізді, тұр¬мыс-салтымызды ха¬лыққа көр¬некті түрде жеткізетін 22 мыңнан астам жәдігерлер сақ¬таулы. Сондай-ақ му¬зей қорын жылына ел ішінен және қазба жұ¬мысы кезінде табылған 300-ден астам жәдігер толықтырады.
2008 жылғы есеп бой¬ын¬ша, археологиялық көрме за¬лында 356, этнография көрме за¬лында 465, Әл-Фараби залында 78, Арыстанбаб кесенесінде 18, Отырар тө¬беде 1, музей ауласында 5, музей¬дің ғылы¬ми кітапханасында 56, әде¬биет және өнер бөлімінің экспо¬зиция залында 700 жәдігер қой¬ылған. Жалпы саны 1679 дана көр¬некілер мен кі¬таптар көпшіліктің көріп танысуына және тарихи мә¬ліметтер алу үшін қойыл¬ған. Көрме залдарына қойылатын жәдігерлер уақытына қарай өзгер¬тіліп оты¬ры¬лады. Музей қорындағы жәдігерлер саны 22281 дана. Негізгі қордағылар 19861, көмекші қорда¬ғылар 2460 дана.
Археология бөлімінің жәдігер¬лері І-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Атап айтқанда, күйдірілген саз балшықтан, құрылыс кірпіш¬терінен бастап, нәзік фарфор, шы¬ны, ыдыс аяқ, сүйек, алтын, күміс, мыс теңгелер, темір бұйымдар және т.б. жәдігерлер топтастырылған. Оның ішінде Көкмардан бейітінен табылған ІІІ-V ғасырдың темір бұй¬ымдары, VІ-ХІІІ ғасырдың мақта, бидай күйінділері, VІІІ-ІХ ғасыр¬дағы ішкі қабырғаларды сәндейтін оюлы ағаштардың өртенген қалдық¬тары, ХІV-ХV ғасырларға тән Оты¬рардағы орталық мешіттің алтын жалатылған сәндік кірпіштері, әрлеу тақталары және ХV-ХVІ ғасырдың сырлы ыдыстары бар.
Этнография бөлімінде ХІХ-ХХ ғасырдағы осы өңірдегі ел ішінен жиналған қазақ халқының тұрмыс¬салты, зергерлік өнері, музыкасы, мал шаруашылығы, дихангершілік, саятшылық, аңшылық, балық аулау, сонымен қатар рухани мәдение¬ті¬мізге байланысты маңызды жәді¬герлер қойылған сүйекпен өрнек¬телген кебежелер, алтын жалатылған күміс кемер белдік, зергерлік бұй¬ым¬дар экспо¬зициясының сәнін кел¬тіріп тұр.
Сонымен қатар, Арыстанбаб кесенесі мен ондағы көрме залында Арыстанбаб әулие өмір сүрген дә¬уірге тән заттар: керамикалық сыр¬лы ыдыстар, сыртына ізгі ті¬лектер жазылған күміс кесе, қола келі және т.б. жәдігерлерді көруге болады.
Кесенеден шығысқа қарай ша¬ма¬мен екі шақырымдай қашық¬тық¬та кезінде шығысқа аты мәшһүр болған Жібек жолы бойындағы ірі қала саналатын көне Отырар қала¬сының үйіндісі, қазіргі көлемі 20 гектар жерді алып жатқан Отырар¬төбе. Көне қала орнында археоло¬гия¬лық қазба жұмыстары нәтиже¬сінде жасалған ашық аспан астын¬дағы музейдің ХІV- ХVІ ғасырлар¬дағы жұма мешіті, құдық, тұрғын жайлар, сарайлар, қала қорғаны, шы¬ғыс моншасы сияқты қала мә¬дениеті мен тұрмысынан сыр шер¬тетін жәдігерлермен таныс бола аласыздар.
Әдебиет және өнер бөлімінде Сыр бойы мен Қа¬ратау атыра¬бындағы ғалымдардың, ақын-жазу¬шылардың, өнер қайраткерлерінің (Майлықожа Сұл¬танқожаұлы, Айтбай Белгібайұлы, Сәдуа¬қас Жа¬қаш¬ұлы, Құ¬лыншақ Ке¬мелұлы, Мырзабек Байжан¬ұлы, Ергөбек Құтты¬байұлы, Елеу¬сіз Бай¬ырбекұлы, Балтабай Тебейұлы, Әселхан Қалыбе¬ко¬ва, Тәушен Әбуова, Өзбекәлі Жәні¬беков, Кемел Ақышев және т.б. тұтынған бұйым¬дарын, кітаптарын, қолжазбаларын, зергерлік бұйым¬дарын көруге болады.
Қорық-музей қызметкерлері, музей құрылған алғашқы жылдардан бері Алматы қаласындағы Ә.Мар¬ғұлан атындағы Археология инс¬титутымен бірлесе Отырар өңірінің археологиялық ескерткіштерін зерт¬теу жұмыстарына тұрақты қатысуда. 1989 жылы музей Мыңшұңқыр шеберханасына дербес қазба жұ¬мысын жүргізді, бұл жұмыс Қоңыр¬төбе шыны өндірісінде, Көкмардан шеберханасында, Отырар шахрис¬танындағы ХІV-ХV ғ.ғ. сарайында жалғасын тапты.
Музей қызметкерлері Отырар өңірінің бұрын-соңды белгісіз боп келген тарихи-мәдени мұраларын тауып, зерттеу жұмыстарын 2002-2003 жылы алғаш рет қоғамдық не¬гізде, 2004 жылдың күзінен арнайы археологиялық барлау экспедициясы негізінде жалғастырып келеді. Ар¬хеологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алпыстан астам жаңа ескерткіштерді анықтап, жоба-сыз¬басын сызып, суретке түсіріп, ғылы¬ми құжатын жасады. Бұрынғы ең¬бектерде төрткүл типтес қорған қа¬малдар, көп құдықты кәріз суландыру жүйелері, тас бетіне ойып жазған жазу мен таңба белгілер, алғашқы адамдар тұрағы болған үңгірлер, тастан үйілген обалар, тастарды төрт бұрышты етіп қалаған зираттар, тасқа ойып жасаған тоғыз құмалақ тақтасы, ежелгі жануар¬лардың тасқа айналған сүйектері сияқты ескерткіштер жайлы мағлұ¬маттар жоқ болатын. Жаңа ескерт¬кіштердің ашылуы өлке тарихына тың жаңалықтар қосып, жаңа пікірлер қалыптасуда. Енді Отырар өңірінің ескерткіштерін жаңа бағытта қайта талдап, зерделеу және оларды бүлінуден сақтау қажеттілігі туындады. 2001-2004 жылдары Отырартөбе және Қоңыртөбе, Құй¬рықтөбеде жүргізілген ЮНЕСКО жұмыстарына музей қызметкерлері белсене араласты.
Ұлы Жібек жолының күре та¬мырында орналасқан Отырар өл¬ке¬сінің тарихи-мәдени мұралары Қа¬зақстанның ортағасырлық та¬ри¬хын танып-білуде маңызы зор.
2005 жылдан бері Отырар қаласының орнында аршылған тарихи орындарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, соның нәтижесінде ХІV-ХV ғ.ғ. моншасы мен қолөнершілер ше¬берха¬насы орамының үстері жа¬былып, қайта қалпына келтіру жұ¬мыстары жүргізілді. Жұмыстарды “Қазрестоврация” мекемесінің Түркістан бөлімшесінің маман¬да¬ры музей қызметкерлерімен бір¬лесіп атқарды.
Музей қызметкерлері сонымен қатар өз сала¬лары бойынша 2005-2008 жыл¬дары көп¬теген жақсы іс¬терге қол жет¬¬кізді. Оты¬рар өңі¬рінің көне та¬рихын, этно¬грବфия¬сын на¬си¬хат¬тауда, ес¬керт¬кіштерді қор¬ғауда, му¬зей¬дегі жәді¬гер¬лер¬ді елге та¬ны¬туда түрлі газет-журнал беттерінде 20-дан астам ғы¬лыми-таным¬дық, 14 ғы¬лыми зерт¬теу мақала¬ла¬ры, 10-нан ас¬там ғылыми кі¬тап, альбом, жинақ, энци¬кло¬педиялық кі¬¬таптарды, 20-дан астам ғы¬лыми есеп¬терді, 200-ден астам ғылыми, ғылыми-та¬нымдық ма¬қа¬лаларды бас¬па бетіне шы¬ғар¬ды. Бұлардың белсенді авторлары А.Жұма¬шов, Н.Ал¬дабергенов, С.Ах¬мет, С.Ақыл¬бек, А.Жұмашова, Е.Есжан¬дар. Музей қызмет¬керлері рес¬публика көлемінде өтетін ғылыми конферен¬ция¬лар мен семинарларға және Ә.Марғұлан атындағы Архео¬логия институты ұйымдас¬ты¬ратын жыл сайынғы халық¬аралық “Марғұлан оқула¬рына” қатысып келеді.
Қазіргі кезде музейде Жұ¬ма¬шова Ақлима кандидаттық дис¬сертация қорғаса, музей қызмет¬керлері С.Ахмет, С.Ақыл¬бек, Е.Ес¬жандар ізденуші ретінде ғы¬лы¬ми жұмыстарын жалғас¬тырып отыр. Музей қыз¬мет¬керлері С.Ақыл¬бек Ресей ас¬танасы Мәс¬кеу, С.Пәрмен¬құл Санкт-Петер¬бург қала¬ла¬рында бі¬лім алмасу ғылы¬ми-прак¬тикалық апталықта оқып келді. 2005 жылы муз¬ей ұжы¬мы Д. Гайдинмен бір¬¬лесе Оты¬рар қорық-м󬬬зейі және Отырар қала¬шы¬ғы мен оның ай¬на¬ласын¬дағы ес¬керт¬кіштер жө¬нінде муль¬тимедиялық презен¬тация жасады.
Отырар ауданының көне та¬рихы мен қазіргі кезеңін қамтыған “Отырар энцикло¬педиясы” кіта¬бына музей ұжымы 100-ден астам ма¬қала мен археологиялық карта сызбасы, ескерткіштер тізімі, 30-дан астам жәдігерлер суретін берді.
Музей директоры Н.Алдабер¬генов академик К.Байпақовпен бірлесе жазған “Отырар алқабы” атты түрлі-түсті кітап альбомы және профессор У. Шәлекенов¬пен бірлесе жазған “Ақтөбе” кітап альбомы Түркияның Анкара қала¬сындағы баспадан шығарылды.
Музейдің бөлім меңгерушісі А.Жұмашев пен сенатор Қ.Ай¬таханов бірлесе жазған “Таушен”, сондай-ақ “Отырар жәдігері”, аға ғылыми қызметкер Е.Есжан мен С.Ах¬меттің “Отырар ескерткіш¬тері” атты кітаптары және К.Бай¬пақов, Д.Воякин, С. Ақылбек¬тер¬дің “Көкмардан” альбом кітабы оқыр¬мандар қолына тиді. Соны¬мен қатар Отырар ауданының тарихи-мәдени ескерткіштер жи¬нағы жарыққа шықса, музейдің бөлім меңгерушісі Е.Шоқай, аға ғылыми қызметкер С.Алдабер¬генов, Н.Әмзе “Отырар мемле¬кеттік археологиялық қорық-музейі” және “ескерткіштер” календарын, Н.Алдабергенов, С.Ахмет, Е.Есжан “Отырардың алтын қазынасы” атты буклеттер мен плакат карталарды көп¬шілікке ұсынды.
Ел ішіндегі халық-мұрасын жинастырып, сақтау мен насихат¬тауда да біршама жақсы істер атқарылды. Соңғы екі жыл ішінде халық қолынан 100-ден астам, қазба жұмыстарының барысында 500-де жуық жәдігерлер музей қорына жинақталды.
Музейдің мақсаты – осындай тарихи мұраларымызды сақтау, жинақтау, зерттеу, олардың жәді¬герлерін халыққа көрсетіп кеңінен насихаттау.

 

 

С.АХМЕТ, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының орынбасары,
«Егемен Қазақстан» газеті 2 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377