Тоқаев: Әлихан ұлттық мүдде жолында еңбек етті

Бүгін Алаш көсемі Әлихан Бкейхан туған күн. Осыған орай бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба жариялады.
Онда:
«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», - деп жазылған.
Abai.kz