Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3395 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 13:29

Көкше өңірінің тоқсан ауылы тозып кетті

Алтын бесік ауыл елдің алтын қазығы десек те, ауылдың бүгінгі халі шатқаяқтап, кейбір ауылдар тіпті мәңгілікке жойылып бара жатыр. Өйткені соңғы жылдары қазақы ауылдарда жұмыссыздықтың салдарынан жастардың дені өнеркәсібі мен жұмыс орындары көбірек қалалы аймақтарға қарай ығысып, оның кесірінен ауылдағы мектептерде бала саны азайып, бүтіндей ауылдар аймақтың картасынан енді қайтіп көрінбестей болып сызылды.

«Өлмегенге - өлі балық» дегендей, қараша ауылын тастамай күнделікті күйбең тірлікпен малын бағып, не болмаса қам-қарекетін ертерек жасап, егін егіп, көкөніс өсіргендер болмаса, бүгінде ауылдық жерлерде екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер көп. Әсіресе, оның көбі қазақы ауылдар болғаны тіпті намысыңа тиеді. Ауылдағы ағайынға жұмыс бар ма десең, тек мектептегі азын-аулақ мұғалім мен қаусаған зейнеткерлерден басқа тұрақты табыс табатындар жоқ екенін айтып зар илейді.

Алтын бесік ауыл елдің алтын қазығы десек те, ауылдың бүгінгі халі шатқаяқтап, кейбір ауылдар тіпті мәңгілікке жойылып бара жатыр. Өйткені соңғы жылдары қазақы ауылдарда жұмыссыздықтың салдарынан жастардың дені өнеркәсібі мен жұмыс орындары көбірек қалалы аймақтарға қарай ығысып, оның кесірінен ауылдағы мектептерде бала саны азайып, бүтіндей ауылдар аймақтың картасынан енді қайтіп көрінбестей болып сызылды.

«Өлмегенге - өлі балық» дегендей, қараша ауылын тастамай күнделікті күйбең тірлікпен малын бағып, не болмаса қам-қарекетін ертерек жасап, егін егіп, көкөніс өсіргендер болмаса, бүгінде ауылдық жерлерде екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер көп. Әсіресе, оның көбі қазақы ауылдар болғаны тіпті намысыңа тиеді. Ауылдағы ағайынға жұмыс бар ма десең, тек мектептегі азын-аулақ мұғалім мен қаусаған зейнеткерлерден басқа тұрақты табыс табатындар жоқ екенін айтып зар илейді.

Мектеп демекші, өткен жылдың өзінде ғана Ақмола облысында оқушылар саны екі мыңға кеміген. Ал соңғы бес жылдағы көрсеткішке назар аударсақ, ауыл мек­теп­теріндегі қарадомалақ саны 9,4 мыңға азайып, 31 мектептің есігіне өмірі ашыл­мастай етіліп, дәу құлып салыныпты. Атап айтсақ, өткен жылы ғана Есіл ауданындағы Приишимка, Сандықтау ауданындағы Быстримовка және Новоселовка, Астрахан ауданындағы Қоскөл, Бурабай ауданын­дағы Федосеевка орта мектептері жабылған. Бұдан кейін бала дегенде емешегі үзіліп, басын тауға да, тасқа да соғатын ата-ана білім ошағы жоқ елде қайтіп тұрақтамақ? Осының салдарынан ауылдағы ағайын кір жуып, кіндік кескен, топырағында аунап, шаңын жұтқан ауылын тастап, қалаға көшуге мәжбүр болуда. Мұның мән-мағынасын білуді білім басқармасынан білуді жөн деп шештік.

Марат Ыбыраев, Ақмола облыстық білім басқармасының бастығы:

- Иә, айтқаныңыздай, шынымен де, айтуға қиын болғанымен ауылдағы бала санының азаюына байланысты, мектептер жабылып жатыр. Өйткені біздегі талапқа сәйкес негізгі мектепте - 41, ал орта мектепте 80 оқушыдан кем болмауы тиіс. Ал бұл санға, өкінішке қарай, жетпеген мектептерді жабуға мәжбүр боламыз.

Бұл дегеніңіз әлі оң-солын танып үлгермеген, ауылдан шығып көрмеген бала ата-анасынан жырақ кетіп, жақын туысы болса да біреудің босағасында телміре жүріп білім алуға мәжбүр деген сөз емес пе? Мұндай жағдай ауыл десе ішкен асын жерге қоятын арда азамат­тар­дың көкірегіне ой салса игі. Себебі Елба­сымыздың есебінше, яғни өткен жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында 2020 жылға дейін мемлекеттік тіл білетін қазақстандықтардың саны 95 пайызды құрауы тиіс. Ал бұл көрсеткіш қазақ ауылдары осылайша, құлдырап жатқанда қалай орындалмақ? Жоғарыдан талап берілгенмен, төмендегі қараша халық әлеуметтік ауыртпалық пен тұрмыстық жағдайдың шырмауынан қалай шықпақ? Бұл мәселенің түбін халықтың қалауына ие болған ел ағаларынан білгенді жөн деп ұйғардық.

Нартай Ысқақов, облыстық мәслихат депутаты:

- Құрдымға кеткен судай, құрып бара жатқан ауылдарды көргенде, шынымен де, жаның ауырмай қой­майды. Олай айтқан себебім кезінде улап-шулап, шыбықты ат қылып мініп, құлын-тайдай асыр салып ойнақтаған, жастары көше бойын кезіп, «тансы» тепкен ауылда бес-алты-ақ үй қалғанын көргенде көзіңнен еріксіз жас тамшы­лай­ды. Статистикалық мәліметке жүгін­сек, облыс бойынша соңғы үш жылда ғана 17 ауылдық округ пен 32 ауыл жабылып үлгерген. Ал 62 ауыл түп орнымен қоныс аударып, иесіз жұрт қаңырап бос қалғанға ұқсайды. Бұлай жалғаса берсе, түптің түбінде «ауыл» деген сөз атымен жойылып кете ме деп те қапаланамын...

Мәселен, облыс орталығына жақын деген Зеренді ауданында Айғыржал, Қызылқайнар ауылдары болашағы жоқ деп танылса, Еңбекшілдер ауданында сегіз ауылдың келешегінен үміті жойылған. Болашағы жоқ ауыл демекші, елімізде осы жылғы Елбасы Жолдауында атап көрсе­тіл­гендей, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдар­ламасы жұмысын ширақ бастап кетті. Бірқатар жұмыс таба алмай сандалған жан­дарға демеу болып, екі қолға бір күрек тапқан ауылдағы өз ісімен айналысушылар алақанына түкіріп іске кірісті. Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша болашағы жоқ ауыл халқын, тұрмысы едәуір жоғары елді мекендерге көшіру көзделген. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, бұл бір жағынан елдегі жұмыс­сыз­дықты жоюға септігін тигізгенімен, екінші жағынан онсыз да азайып бара жатқан ауылды мүлде жойып жібере ме деген қауіпті ойға да жетелейді.

Сонда ауылдағы ағайын қайда барып паналамақ? Көңілге күдік ұялататын күпті сұраққа жауап іздеп көргенмен, ауылдағы жағдай қатты алаңдатады. Ауылдар қалай, неліктен жабылуда? Мұның қандай себептері бар? Осы сауалдарға жауап табу мақсатында Облыстық статистика депар­таментіне хабарластық.

Жанна Сағындықова, Ақмола облыс­тық статистикалық департаменттің бас маманы:

- Ауылдағы ағайынның қалаға ағы­лып, көшіп-қонуы ауылдардың жа­бы­луының басты себебі десем қате­лес­пеймін. Ауыл ауыл болып қалу үшін онда тұратын тұрғындардың саны 50-ден кем болмауы керек. Ал бұл санға жет­пеген елді мекендер, өкінішке қа­рай, «бола­шағы жоқ» ауыл деп таны­ла­ды.

Бірақ ауылдағы ағайынға осы елудің өзіне жету ауыр мұңға айналған. Себеп - тек біреу. Туған жер - алтын бесікте қалуға жағдай туар емес. Ауыл олар үшін ит байласа тұрғысыз аймаққа айналған.

Жалпы, өркениетті қоғам дейтін, шет-елдерде ауылдан гөрі қала халқы басым­дық көрсетіп отыр. Бұлай жасаудың ар жағында елдің әлеуметтік жағдайын түзету жоспары тұрғаны көңілге қонымды. Дегенмен тұтас мемлекеттің алтын қазығы һәм бірлігі мен ырысын, ұлттық құн­ды­лық­тары мен салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай сақтап отырған ауылдың көзден бұл-бұл ұшуы жақсылыққа апаратынына ауылдан шыққан соң сену қиын.

Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, елімізде бүгінде 54 пайыз халық қалада тұрса, көршілес Ресейде 70 пайызға жет­кен. Ал экономикасы едәуір жоға­ры­лаған батыс елдерінде бұл көрсеткіш 80-90 пайыз деңгейінде. Ал өзіміздің Ақмола облысында халық саны, соңғы деректерге сәйкес, 731 мың 711 адамды құраса, оның 390 мыңнан астамы, яғни 53,3 пайызы ауылда тұрады екен.

Иә, «ауылы бүтінді аман» дейтін ағайын, елдегі жағдай осындай. Сақалы аға­рып, самайын ақ шалған қариялар қаланың қарбалас тірлігіне үйрене ала ма? Ойланайық, басқа-басқа болсын, ауылды жою қазаққа қажет пе?!

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Көкшетау

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400