Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3195 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 19:31

Серiк ЫҚСАНҒАЛИ. РАС, СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Бiр тонна болатты қорытуға төрт текше метр су жұмсалады екен. Ал жылма-жыл миллиондаған тонна болат және шойын қорытылатынын ескерсек, соған қаншама су кететiнiн көз алдыңызға елестетiп көрiңiз. Ал судың шығыны уақыт өткен сайын көбеймесе, тiптi де азаяр емес.
Көршiлес Ресейдiң Ғылым Академиясы су мәселелерi институтының директоры Виктор Даниловтың айтуынша, 2025 жылы бүкiләлемдiк су дағдарысы басталады. Сол кезде тек 4 ел ғана өзiн-өзi осынау бiр тiршiлiк қайнарымен қамтамасыз ете алмақ. Олар: Аустралия, Бразилия, Ресей, Канада. Ал Мемлекеттiк Думаның төрағасы Борис Грызловтың пiкiрiне құлақ түрсек, тiптi бар су қорының өзiне күмәнмен қарау керек. Өйткенi, бүгiнгi Ресейдегi тұщы судың 50 пайызы қандай да болсын санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Соның iшiндегi 15 пайызы мүлдем улы екен. Шөлмекке құйылған, газы бар немесе газсыз судың да кәусардай тазалығына Грызлов аса күмәндi. Өйткенi аталған дайын өнiмнiң елу пайызына дейiн жалған су екен...

Бiр тонна болатты қорытуға төрт текше метр су жұмсалады екен. Ал жылма-жыл миллиондаған тонна болат және шойын қорытылатынын ескерсек, соған қаншама су кететiнiн көз алдыңызға елестетiп көрiңiз. Ал судың шығыны уақыт өткен сайын көбеймесе, тiптi де азаяр емес.
Көршiлес Ресейдiң Ғылым Академиясы су мәселелерi институтының директоры Виктор Даниловтың айтуынша, 2025 жылы бүкiләлемдiк су дағдарысы басталады. Сол кезде тек 4 ел ғана өзiн-өзi осынау бiр тiршiлiк қайнарымен қамтамасыз ете алмақ. Олар: Аустралия, Бразилия, Ресей, Канада. Ал Мемлекеттiк Думаның төрағасы Борис Грызловтың пiкiрiне құлақ түрсек, тiптi бар су қорының өзiне күмәнмен қарау керек. Өйткенi, бүгiнгi Ресейдегi тұщы судың 50 пайызы қандай да болсын санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Соның iшiндегi 15 пайызы мүлдем улы екен. Шөлмекке құйылған, газы бар немесе газсыз судың да кәусардай тазалығына Грызлов аса күмәндi. Өйткенi аталған дайын өнiмнiң елу пайызына дейiн жалған су екен...
Жер бетiндегi су атаулының 94 пайызы мұхиттардың үлесiне тиедi. Оның түгелiмен тұзды су болғандықтан, адамзат игiлiгiнен жарамсыз. 4 пайызы - жерасты сулары. Өкiнiштiсi сол, оның бәрi бiрдей тұщы су емес. Қалған 1,6 пайызы - Солтүстiк және Оңтүстiк полюстегi мұз бен қар. Рас, ондағы ылғалдың басым бөлiгiн тұщы судың қоры деп сенiммен айтуға болады. Сонда қалған 0,4 пайыз ғана тұщы су өзен-көлдер мен батпақтарда жинақталады. "Қасқалдақтың қанындай" десе дұрыс. Тап қазiр адамдар күнiне 3,5 мың текшеметр (негiзiнен өзен суы) өмiр нәрiн тұтынады. Сол тұтынылған судың 1,4 мың текше метрi өте лас және улы күйiнде керi пайдаланылады.

СУ СОҒЫСҚА КИЛIКТIРУI ДЕ МҮМКIН

Қазiрдiң өзiнде әлемде 1,1 млрд. жұмыр басты пенде тұщы суға айрықша мұқтаж. Солардың iшiнен Таяу Шығыстағы араб мемлекеттерiн және Тайланд, Жапония мен Оңтүстiк Корея сияқты елдердi бөлек айту керек. Әсiресе "қара" құрылық - Африкада жағдай тым күрделi. Осы құрлықтың экватордан төмен қарайғы кейбiр елдерiнде кәрiз жүйесi тiптi атымен жоқ. Нәтижесiнде 300 млн.ауыл және 80 млн. қала тұрғыны сумен қамтамасыз етiлмеген.
Тұщы суға сұраныстың күрт өсуi нелiктен? Өткен ғасырда жер бетiндегi адам санының артуымен суды пайдалану екi есеге артық өсiптi. Демографтардың болжамы бойынша, алдағы 30 жылда дүние жүзiндегi халық саны жылына 80 миллионға өсiп, 2050 жылы 9 млрд.-қа жетуi тиiс. Мiне, су жетiспеудiң көкесi сонда болмақ!..
Демек, суға дiлгерлiк қазiрдiң өзiнде талай мемлекеттi сан алуан қақтығысқа, қала бердi соғысқа килiктiрмек. Соңғы елу жылда әлем елдерiнiң арасында суға қатысты 200 келiсiмшарт жасалғанымен, кездейсоқ дау тууының салдарынан 32 рет күш қолданылған. Бiр ғана Африкадағы үлкен өзен - Нiлдiң суын 9 ел (Мысыр, Судан, Эфиопия т.б.) пайдаланып, ара-тұра қырғиқабақтанып қалады. Саяси сарапшылар көршiлес Судан мен Эфиопия арасындағы қарым-қатынастың жылдан жылға ушығып келе жатқанын айтады. Тiптi алысқа бармай-ақ, айыр қалпақты қырғыз бауыр мен ала тақиялы тәжiк, өзбектiң арасында да "Су дауы жоқ" деп, кесiп айту қиын...
Қасиеттi Құран-Кәрiмнiң "Исра" сүресiнде былай делiнген екен: "Ысырапқорлар шын мәнiнде, шайтан (шайтанның) жақындары". Расында су туралы үнемi айтып көрiңiзшi, жұрт сiзге қалай қарар екен?! Ең жұмсағы: "Құдайдың қара суын аяп тұрмысың?" деп, иығын бiр қиқаң еткiзер едi. Әлi де бiздiң санамыз судың тым қат тiршiлiк көзi екенiн қатаң ескеру сатысына жетпеген сыңайлы. Оның үстiне күнде пайдаланып жүрген тұщы суды үнемдеу туралы әңгiме қозғау тым ерте сияқты. Орыс көршiмiздiң ысырабы бiзден артық болмаса, тiптi де кем емес. Мәселен, "орташа" орыс күнiне кемiнде 220, ал мәскеулiк тұрғын 400 литр су жұмсайды. Мұны естiсе, кез келген жапон не немiс, ағылшын таңданғанынан жағасын ұстары сөзсiз. Көптеген елдердiң осыдан отыз-қырық жыл бұрын егiндi, бау-бақшаны тамшылатып суару әдiсiн ойлап табуы сiрә, ерiккеннiң ермегi бола қоймас.
Себебi Батыста да, АҚШ-та да және әлемнiң өзге де көптеген елдерiнде пайдаланылатын судың, соның iшiнде таза судың құны өте қымбат. Жоғарыда айтқан елдердiң көбi суды қайта-қайта сүзiп, керi пайдалануға баяғыда-ақ көшкен екен. Сөйтiп, мейлiнше қолда барды қатаң үнемдейдi. Ал бiзде басқаны айтпағанның өзiнде, арақ-шарап өндiрiсiнде күн сайын ондаған текше метр тұщы судың рәсуә болатынына не дер едiңiз?! Жоғарыдағы болат қорытуға жұмсалатын ылғалға қынжылсаң да, қынжылмасаң да, қажеттiлiк деп қарайсыз ғой. Ал адамзатқа қайғы-қасiреттен басқа ештеңе әкелмейтiн спирттi iшiмдiктер ше?!..
Демек, бұдан тап қазiр пайдалануға жұмсалатын судың бағасын дереу және күрт өсiру керек деген ұғым тумайды. Мәселе - санадағы сiлкiнiсте. Әркiм де өз еркiмен суды барынша тиiмдi де үнемдi пайдалануға ұмтылуы қажет. Ас бөлмеде суды ағызып қойып, ботташық аршумен бiрге өсек соғудың заманы баяғыда өткен. Тағы да қасиеттi Құран-Кәрiмнiң "Исра" сүресiнен алынған мынадай ұлағатты сөздер есiңе түседi. "Қолыңды мүлдем жұмып та алма (тассарандықты айтады), жайып та жiберме (ысырапқорлық), онда көзге түртiлесiң немесе өкiнiшке қаласың". Ықылым заманнан берi ысырапқа қаны қас ислам дiнiнiң осы қағидалары мен атам қазақтың "Судың да сұрауы бар" атты даналық сөзi қалайша өзара үйлесiм тауып тұр десеңiзшi?! Қазiргi экономикалық дағдарыстың да ысырапқорлықты "сүйе қоймайтыны" өз-өзiнен түсiнiктi...

КӨРШIЛЕРIНЕН СӨЗ ЕСТIПТI

Қазiр қандай екенi қайдам, әйтеуiр өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап, күнi кешеге дейiн облысымыздың шөлейт аумағында орналасқан өзге де аудандар сияқты жәнiбектiктер тұщы суға қат болып, талай қиыншылықты бастан өткердi. Сондықтан болар, суға деген құрметiмiз айрықша. Оған бiр жерлес ағамыздың айтқан әңгiмесi айқын дәлел...
Елге сыйлы болған Хайролла ағай мен Мариям жеңгей 90-жылдардың аяғында ару Алматының түбегiндегi бiр ауылға барып қоныстанған едi. Арада екi жылдай уақыт өткен соң ол кiсiлердiң елге келiп кеткенi бар. Сонда кездескенде, мына әңгiмесiн жадыма жазып алғанмын:
- Алматының төңiрегi көкорай шалғын, жер жәннаты екен ғой, - деген-дi Хайролла ағай әңгiмесiнде. - Әсiресе суын айтсаңшы, суын! Бiздiң Жәнiбектегi кезiнде талай рет жұртпен таласып алған, темiр жол цистернасымен жеткiзiлетiн дәмi дүдәмал, құрамы күптi, жылымық су емес. Тап-таза, мөлдiр, дәмi бал татитын кәусар сұйық. Айтайын дегенiм мынау: үйдiң тап қасында су алатын, жерастынан шығатын шүмек (крант) болды. Саған - өтiрiк, маған - шын, әлгi шүмектен күнi-түнi сарылдап, су ағып тұрады. Бiз қасқа, үнемге үйренгенбiз ғой, екi шелек суымды аламын да, шүмектi жауып тастаймын. Сонан келiп, көршiлерiм, қазағы да, орысы да, ұйғыры да бар, маған ала көзiмен қарап, күңкiлдеудi шығарды: "Сiз неге жауып тастайсыз? Қыста суы қатып қалады". Талай тәжiкелескеннен соң, шүмектi жаппайтын болдым. Бiрақ сол жақтағы терезеден ағып тұрған суды көрсем, қазiр де iшiм қан жылайды...



Серiк ЫҚСАНҒАЛИ, Орал қаласы

«Түркістан» газеті» 2 шілде 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371