Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5393 0 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 16:06

«Елім» дейтін қанша халық қолдайды?

Ердоған отбасы, әйел құқығын қозғайтын «Стамбул келісімінен» шықты. Түркия бұл келісімге 2011 жылдың 11 мамырында қол қойған. Ердоған билігінің уәжі бұл келісімде гендерлік теңдік мәселесі күмәнді әрі әйел мен отбасы мәселесінде жауапты сырттан емес, түріктің менталитеті мен дәстүрінен іздеу қажет. ЛГБТ-ны меңзеп тұр ғой.

Оппозиция Ердоғанға қарсы. Әйел құқығын аяққа таптаған билік деп Ердоғанды сынап жатыр. Оппозицияның айтуынша отбасы, әйел құқығы Европалық стандарттар шеңберінде шешілуі тиіс.

Айта кету керек 2021 жылдың 8 наурызында (Алматымен бір уақытта) Түркияда феминистер, ЛГБТ өкілдері үлкен митинг өткізді. Митинг кезінде мешіттерден шыққан азан даусына ысқырып, айқайлап қарсы да шықты. Оппозиция бұл дұрыс дейді. Ердоған бұл қате дейді. Мәселе осында.
2 күн болды түрік лирасы 15%-ке құлдырады. Ердоған Орталық Банк басшысын ауыстырды. Түркия облигациялары 10-15% құлдырап жатыр. Бұл да оппозицияның Ердоғанды сынауына жақсы себеп. Құр жіберіп жатқан жоқ.

Оған қарсы Ердоғанның жауабы төмендегідей:
«Біз батыстың айтқанына мойынсынбай, өз саясатымызды жүргізген сайын Түркияны қыспаққа алуда. Доллардың есебінен өз мүдделеріне қарсы саясат ұстанған кезде бізге де осындай қаржылық шабуылдар жасалады» дегенге келеді.

Қазір соғысып, елді жаулаудың қажеті жоқ. Батыс елдерінің өзге мемлекеттер ығынан шыға бастаса экономикалық, қаржылық қыспаққа алып-ақ мойындататыны рас. Түркияға да сол жасалуда.
Бастысы халқы қай жолды таңдар екен? Ердоғанға қарсы шығып, мүдделерінен бас тартып, батыстың ығына жығылады ма? Әлде өзінің тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылған бағытынан таймай ма? Мәселе осында.

Бұдан да қызық сұрақ бар. Біз көпвекторлы бағыттан кетсек, осындай қысым жасалса «Елім. Отаным. Қазағым» дейтін қанша халық қолдайды? Әлде сыртқы күштердің ықпалына шыдамай мойындай саламыз ба?.. Жалпы дайын ба біздің қоғам мұндай геосаяси ойындарға?..

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302