Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2121 0 пікір 10 Сәуір, 2012 сағат 05:25

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: Лақап аттары бар 12 куә сотқа сырттай қатысуда

 

 

Ақтаудағы соттың оныншы күні, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, сотталушы Талғат Сақтағановтың бұлтартпау шарасын өзгерту жөніндегі адвокат Ардақ Батиеваның талап-тілегі бойынша судья шешімін жариялаудан басталған.

Аралбай Нағашыбаев адвокаттың дәлелдерімен ішінара келіскенімен, яғни,  Сақтағановқа қатысты бұрынғы тергеуші, қазіргі жәбірленуші Жандарбековтің тергеу шаралары күшін жойғандығын мойындағанымен, өкінішке орай, талап-тілекті қанағаттандырмай тастаған. Алайда адвокат сот мойындаған жағдай келешекте Талғаттың ақталуына өз септігін тигізуі мүмкін деп үміттенеді.

Одан соң адвокат Әлібиев те сотталушы Әбдірахмановтың бұлтартпау шарасын өзгертуді өтінген. Себеп - СИЗО-ға қамалғаннан кейін оның қорғауындағы азамат ашық формадағы өкпе ауруына (туберкулезге) шалдыққан, сондықтан ол сотталушы орындығында отырып, медициналық маска пайдаланады екен. Бірақ прокурорлар бұлтартпау шарасын өзгертуге қарсы шыққан, ал сотталушылар мен адвокаттар түгел Әлібиевті қолдаған. Сотқа төрағалық етуші әзірше өз шешімін мәлімдемеген.

 

 

Ақтаудағы соттың оныншы күні, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, сотталушы Талғат Сақтағановтың бұлтартпау шарасын өзгерту жөніндегі адвокат Ардақ Батиеваның талап-тілегі бойынша судья шешімін жариялаудан басталған.

Аралбай Нағашыбаев адвокаттың дәлелдерімен ішінара келіскенімен, яғни,  Сақтағановқа қатысты бұрынғы тергеуші, қазіргі жәбірленуші Жандарбековтің тергеу шаралары күшін жойғандығын мойындағанымен, өкінішке орай, талап-тілекті қанағаттандырмай тастаған. Алайда адвокат сот мойындаған жағдай келешекте Талғаттың ақталуына өз септігін тигізуі мүмкін деп үміттенеді.

Одан соң адвокат Әлібиев те сотталушы Әбдірахмановтың бұлтартпау шарасын өзгертуді өтінген. Себеп - СИЗО-ға қамалғаннан кейін оның қорғауындағы азамат ашық формадағы өкпе ауруына (туберкулезге) шалдыққан, сондықтан ол сотталушы орындығында отырып, медициналық маска пайдаланады екен. Бірақ прокурорлар бұлтартпау шарасын өзгертуге қарсы шыққан, ал сотталушылар мен адвокаттар түгел Әлібиевті қолдаған. Сотқа төрағалық етуші әзірше өз шешімін мәлімдемеген.

Сот отырысының алғашқы жартысында шақырылған жәбірленушілердің көбі келмей қалып, тек алтауы сұралған. Оның үшеуі - жеке кәсіпкерлер, өз талап-арыздарынан бас тартқан, қалған үшеуінің («Өзенинвест» коммуналдық мекемесі, микронесиелік ұйым және өрт қызметі) қорғаныс тарабы қажет еткен құжаттары болмай қалып, судья оларды сотқа қайтадан келуге міндеттеген. Ал, Маңғыстау облыстық өрт сөндіру департаментінің заңгері Қайрат Ізмұқанов алаң маңайындағы өрттердің сөндірілмеу себебін «белгісіз адамдардың тас лақтыруына байланысты қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін өртті сөндірмей, кейін қайту жөнінде шешім қабылдануымен» түсіндірген!

Судьяның айтуынша, бүгінгі күнге барлығы 152 жәбірленуші сұралған. Қалған 36 жәбірленушінің арасында, іс материалдарына сәйкес, 30 миллион теңгелік шығын шеккен «Нұр Отан» партиясы да бар көрінеді.

Сот отырысының екінші жартысы 15:00-де басталған, соның алдында бүгін сағат 12-лерге таман сотталушы Қанат Жүсіпбаевтың жұбайы қыз босанғандығы жөнінде хабар келген. Иншалла, сәбилің бауы берік, өмір жасы ұзақ, бақытты болғай!

Жәбірленушілерді сұрау жалғасып, Жаңаөзенге 14-желтоқсан күні Шетпе поселкесінен 15 адам өз автокөліктерімен келген (АІІБ-де көлік болмағандықтан) екі полицей бұрын, яғни, 2009-10 жылдары, мұндай іссапарға арнайы құрал-жабдықтар алып келмегендіктерін көрсеткен. Сұрау барысында оларды тергеу ісі процедуралық заң бұзушылықтармен жүргізілгендігі, атап айтқанда - тергеу әрекеттерінің хаттамасы жасалмағандығы, сотталушыларды «тану» кезінде статисттер болмағандығы анықталған. Екі полицей де 37 сотталушының ешқайсысын бірдемені өртеу, қирату немесе әлдекімдерді ұрып-соғу үстінде көрмегендіктерін айтқан.

Төрт жәбірленуші кәсіпкерді сұрау үстінде олардың екеуі өз талаптарынан бас тартқан. Содай-ақ, зейнеткерлік қордың өкілі де өзінің тек жеке заттары бүлінгендігін айтып, талабынан бас тартқан.

Жиһаз саудалайтын «Идальго» ЖШС-ның өкілі Ахметова Гүлмираны сұрау үстінде қызық жәйттер орын алған. Мәселен, оның сөзінше, өздеріне КДО (кәсіпкерлікті дамыту орталығы) мен «Самұрық-Қазына» қоры айналым капиталын толықтыру үшін кредит береміз деп уәде еткен, бірақ, соған қарамастан, ЖШС талабынан бас тартпаған. Осыған орай адвокаттардың: «Осы қылмыстық іс материалдары бойынша белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске шығарылғандығын білесіз бе? Осы іс бойынша шағымды қараусыз қалдырып, азаматтық талап-арыз беруге болатындығын білесіз бе? ЖШС мемлекетті сотқа беру мәселесін қарастырды ма?» - деген сұрақтарының барлығына Ахметова: «Білмеймін», - деп жауап берген.

Оның есесіне соңғы сұраққа айрықша назар аударған прокурорлардың бірі - Ақбаев судьяның рұқсатымен маңғаздана сөз сөйлеп, оны: «Қылмыстық істер бойынша мемлекет төлегенін қайдан көріп едіңіз?» - деген сұрақпен аяқтаған. Әлбетте, мұндай оғаш пікір адвокаттардың қарсылығын тудырған, алайда судья олардың «дискуссия» жасауына тыйым салған. Дегенмен, адвокаттардың бірі: «Прокурорлар қаланың бұрынғы әкімі Сарбөпеевтің киіз үйлерге қатысты кепілдік хаты жөнінде не айтар екен?» - деп сұрап үлгерген, бірақ ол сұрақ жауапсыз қалған.

Өз кезегінде судьядан рұқсат алып сөйлеген сотталушы Өткелов, жәбірленушілердің көбісі заң білмегендіктен, мемлекеттің өздеріне беретін көмегі олардың талаптарының сотта расталуына байланысты болады деп ойлайды деген пікір білдірген. Сондай-ақ, өткен аптада Бас прокуратура жасаған мәлімдемеге сәйкес, КДО-ның жоғарыда сөз болған кредиті де бәріне бұйыра қоймас деген де ой айтылған.

Сот отырысының аяғында судья адвокат Әлібиевтің талап-тілегіне байланысты медициналық анықтаманы жария еткен. Оған сәйкес, 1988 жылдың 14-сәуірінде туған Әбдірахманов Есенгелдінің туберкулезбен ауыратындығы СИЗО-ға қамалғаннан соң анықталып, ол диспансерлік есепке қойылған. Қазір оған ДОТС терапия (туберкулезді тоқтату) тағайындалған. Осыған орай адвокат Әлібиев анықтама берген дәрігерді толығырақ сұрау үшін сотқа шақыруды өтініп, сонымен сот отырысы аяқталған.

Бүгінгі сот отырысына қатысқан Шетпедегі тәртіпсіздіктерге байланысты тергеудегілердің туған-туыстарының айтуынша, олардың соты 17-сәуірге тағайындалып, оралмандарды бейімдеу орталығында өтетінге ұқсайды.

Қорыта айтқанда, Ақтауда өтіп жатқан сот процесін, сірә, билік толық үстемдік етіп, ал халық оның табанының астында тапталған үлкен Қазақстанның айнадағы кішігірім көрінісіне теңесек, қателеспеспіз деп ойлаймын.

 

Сотталушылар құқытарының бұзылуы жөніндегі кейбір фактілер:

1. Тергеу кезінде сотталушыларды қорқытып-үркіту, ұрып-соғу, азаптау әрекеттері орын алған, алайда олардың барлығы мұны жария ету және құқықтық көмек алу мүмкіндігінен айырылған.

2. Бір адамның екі статусқа ие болуына заң тыйым салса да, Талғат Сақтағанов тұтқындалған соң оған қатысты тергеу әрекеттерін жүргізген тергеуші кейін жәбірленуші болып мойындалған

3. Журналистерді сот процесіне бірде кіргізіп, бірде кіргізбей қою сотталушылардың ашық және жариялы сотқа құқығын бұзуда.

4. Сотталушыларға, әсіресе олардың жарақат алғандарына қатысты қолданылған бұлтартпау шаралары тіпті оларға тағылған айыптар тұрғысынан да тым қатал. Ал, мұнайшылардың жеті ай бойы заңды ереуіл өткізіп, күш қолданбай күрескендігін ескерсе, сот шаралары еш негізсіз қатігездік сипатқа ие болады. Оның үстіне, 16-желтоқсан күнгі қанды қасап үстінде жақындары қаза болған азаматтардың темір торда отырып, керісінше, халыққа оқ атып, көптеген адамның ажалына себепші болған полицейлердің «жәбірленуші» аталып, бостанықта жүруі сотталушыларға өте ауыр психологиялық салмақ салуда. Сондай-ақ, кейбір полицейлер, өздерінің айтуынша, «моральдық шығын» үшін өтемақы алған, ал оқты қарудан ауыр жарақаттар алған сотталушылар сол үшін сотқа беру құқығынан айырылған.

5. Айыптау жағының 12 бірдей «куәнің» лақап аттар алуы және сотқа «сырттай қатысуы», демек, жалған екендігі алдын-ала белгілі «куәліктердің» сот үстінде тексерусіз қалатындығы да сотталушылар құқығын өрескел бұзады.

6. Не судьяның, не прокурорлардың өздерінің тікелей міндеттерін саналы түрде орындамауы, яғни,  материалдық шығын шеккендердің құқықтары мен мүмкіндіктерін мұқият түсіндірмеуі, соның салдарынан жәбірленушілердің «мемлекет уәде еткен көмекті ала алмай қаламыз» деген қауіппен сотталушы азаматтарға көмегі тиюі мүмкін әрекеттерге бармауы да соңғылардың құқықтарына өз зардабын тигізуде.

7. Сотталушылардың мүмкіндіктері мен өкілеттіліктерін тергушілерде болған және мемлекеттік айыптаушыларда бар (дәлірек айтсақ - олар заңсыз иемденіп алған) мүмкіндіктер мен өкілеттіліктермен мүлде салыстыруға келмейді. Мәселен, біріншілеріне адвокаттарымен жолығудың өзі үлкен проблема. Немесесалыстырмалы мысал үшін, прокурорлар сотталушыларға әкіреңдеп, жекіп, тіпті, қорқытып сөйлесе де (прокурор Сыдықов: «Шықшы бері!»), оларға «түк болмайды», ал сотталушылар прокурорларға ұқсас мінез көрсетер болса, дереу жазаға тартылар еді...

 

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 09-сәуірі.

 

 

0 пікір