Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
46 - сөз 9265 47 пікір 31 Наурыз, 2021 сағат 16:40

Тарихты бұрмалаушылық тоқтатылсын!

«Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл» деген насихаттық баннерлерді көрген сайын жыным келеді. Сонда қалай, 1991 жылдан бұрын Қазақ елі өмір сүрмеген бе? Қазақ мемлекеттілігі болмаған ба?

Іс жүзінде «Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл» дегендері бұл кеңестік қызыл насихаттың Қазақстан өз тәуелсіздігін қайтарып алғаннан кейінгі жымысқы саясатының жалғасы. Жалпы алғанда «Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл» деген тұжырым  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сендерге тәуелсіздікті мен әпергем» деген кеудесоқтығының салдары. Бұл тұжырымның дұрысы «Қазақстан тәуелсіздігін қайтарып алғанына – 30 жыл»  болу керек. Қазақ мемлекеттілігінің тарихын бұрмалау, келтелеу, біреулердің саяси амбициясы үшін қысқартып кесіп-пішу тоқтатылғаны жөн!

Одан бұрынғы тарихымыз неге естен шығады?  Халық санасына сіңіретін,  қазақ мемлекеттілігінің шынайы тарихын көрсететін дата басқа. Құрылғанына 30 жыл болған жас мемлекетпен кім санасады?  «Қазақстанға 30 жыл» деген ұғым тіпті достарымыздың арасында менсінбеушілік,  дұшпандарымыздың арасында территориялық көзалартушылық туғызып жүр. Бұл біздің ішкі саясатымызға да, халықаралық қауымдастықтағы мәртебемізге  де еш үйлеспейді. Ұят!

Сақ десе, ғұн десе ол біз ғой деп әлдеқандай боламыз. Путин «қазақтардың мемлекеттілігі болмаған» деген кезінде, біздің режим амалсыз Қазақ хандығының 550 жылдығын көлденең тартты. Қазақстан Алтын орда мемлекетінің аумақтық тұрғыдан да, этностық тұрғыдан да жалғасы. Тіпті осының өзі ресми мойындалмай, әлі күнге биік мінберлерден айтылмай тұр ғой.

Мына тұрған Өзбекстан аумақтық тұрғыдан Афрасиаб пен Самарқанд тарихына арқа сүйеп өз мемлекеттілігіне 2500 жыл деп отыр. Қырғыздар болса көне қытай тарихшылары  Сым Цянь мен Бань Гу жазбаларына арқа сүйеп өз мемлекеттігіне 2200 жыл деп белгілеп алыпты. Сонда өз елі, өз жерінде отырған қазақтардың  «Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл» деуі, «Қазақ хандығына – 550 жыл» деуі тарихтан хабары бар адамдар үшін кісі күлерлік дүние емес пе?!

Біз де бүгінде кім не айтады, кім не ойлайды деп қысылмастан өз тарихымызды ақиқатқа сәйкестендіруіміз керек. Арыға ұзамай бүгінгі қазақ халқын құрап отырған тайпалардың да тарихына үңіліп көрелік. Аумақтық тұрғыдан Қазақстан жерінде Үйсін мемлекеті – (б.з.д. VIII ғ - б.з. V ғасыр), Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІҮ - б.з. ІІІ ғғ),  Дешті қыпшақ  (ҮІІ-ҮІІІ ғғ), Найман хандығы (Х-ХІ ғғ), Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғғ)  өмір сүрді ғой.  Бізге тарихы неғұрлым әріден басталатыны керек. Сол тұрғыдан алғанда Үйсін немесе Қаңлы мемлекеттері   Қазақ мемлекеттілігінің бастауына негіз бола алады. Сонда қазақ мемлекеттілігіне кемінде 2500-2700 жыл болады. Міне, халық санасына сіңіретін дата осы!

Қазақ мемлекеттілігіне 2500 жыл деп насихаттап тұрсақ, қай мемлекет, қай орыс бізге көз алартады?

Марат Байділдәұлының жазбасы

Abai.kz

47 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969