Жұма, 22 Қараша 2024
5571 6 пікір 1 Сәуір, 2021 сағат 14:19

Депутат сауалы. Неге 2 млрдтық мектепті 7 млрдқа салмақ?

«Ақ жол» партиясының депутаты Андрей Линник Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты мемлекет ақшасын түгендеуге шақырды. 

«Елордада мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жаңа мектеп салуға жоба дайындалып жатыр. Мердігер компания бір мектептің құнын 7,5 миллиард теңгеге бағалаған. Негізі қарапайым мектеп салу мемлекетке 1,5-2 миллиард теңгеге шығады. Жалпы алғанда, осындай 20 мектеп 30-40 миллиардтың орнына 150 миллиардқа жоспарланған.

Бұл жерде салық төлеушілердің қалтасынан 110-120 миллиард теңгені артық төлейтінін көруге болады. Бұл жалған «инвестиция» ма? Елордаға басқа біреудің несиесін бірнеше жылға 4 есе қымбат төлегеннен гөрі осы мектептерді 30-40 миллиардқа салу тиімді емес пе? Ал үнемделген 110-120 миллиард теңгені ақылмен пайдалануға болады»,- деді депутат Андрей Линник.

Жалпы Қазақстанда ғимараттардың құны еселеп бағаланатыны жасырын емес. Мысалы "жемқорлықтың нышанына" айналған ЛРТ-ның құны Өзбекстандағы, Чехиядағы, Ұлыбританиядағы ЛРТ-ның құнынан бірнеше есе қымбат, алайда ұзынды мен халық тасымалдау мүмкіндігі жағынан бәсекеге қабілетсіз екені талай айтылған болатын.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321