Жұма, 18 Қазан 2024
3889 6 пікір 2 Сәуір, 2021 сағат 13:35

"Борат 2" фильмі Гиннесс рекордына кірді

"Борат 2" фильмі "Оскар" кинопремиясына ұсынылған тарихтағы ең ұзын атауы бар фильм ретінде Гиннесс рекордына кірді. Фильмнің толық атауы "Borat Subsequent Moviefilm: Delivery of Prodigious Bribe to American Regime for Make Benefit Once Glorious Nation of Kazakhstan"  деп аталады. Қазақ тіліндегі фильмнің атауы "Борат жайлы келесі фильм: кезінде айбынды болған Қазақстан халқының пайда табуы үшін американдық режимге үлкен пара беруі".

15 наурызда "Борат-2" фильмі "Оскар-2021" премиясына екі номинация бойынша ресми түрде ұсынылды.

1 наурызда "Борат 2" фильмі "Алтын глобусты" жеңіп алған болатын.

2006 жылы Бораттың алғашқы бөлімі шықты. Фильм "Борат: айбынды Қазақстан халқының пайдасына америка мәдениетін зерттеу" деп аталды. Содан бері бұл фильм ел арасында үлкен қарсылық тудырып келеді. Ал Қазақстанды фильм сценарий бойынша қабылдайтын сыртқы имидж де қалыптасып үлгерген.

Abai.kz

 

6 пікір