Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2009 0 пікір 11 Сәуір, 2012 сағат 05:59

Ғабит Ботақара. Елтаңбаңа түкіріп отырып «бір түннің» құнын сұрайды

Павлодарда Мемлекеттік рәміз - Елтаңба суреттелген күлсалғыш қала дүкендерінде саудаланып жатыр. Мұндай сорақы саудаға тап болған ардагер-ұстаз Миля Сүлейменова  1300-теңге тұратын күлсалғышты сатып алып, тілшілерге шағымданды. Оның ойынша, «мұндай тауарды өндірген адам қазақтың ар-намысына түкіріп отыр». Темекісін қомағайлана шеккен шылымқордың шылымын мына күлсалғышқа тастап, оның үстіне түкіріп жатқанын елестетудің өзі әбестік. Бірақ, сауданың пайдасын бәрінен жоғары қоятын кейбір алыпсатарлар үшін бұл тек ақшаға сатылатын тауар ғана...

Миля Сүлейменованың айтуынша, сатушы орыс қызы. Бағасы 1300-теңге тұратын күлсалғыш кәдімгі фарфордан жасалған. Күлсалғыштың түбіндегі Елтаңбаны ардагер ұстаз тырнап өшірмек болған. Алайда, Елтаңба  желімделген нәрсе емес, әдейі қышқа күйдіріліп басылған «сапалы» дүние  болып шығады. Сатушының Миля апайға айтқан сөзіне сенсек, күлсалғыш балтық елінде өндірілген көрінеді.

Осы күндері ардагер ұстаз Миля Сүлейменова: «Күлсалғышты саудалаған кәсіпкерді сотқа сүйреймін»-деп, белді бекем буып отыр.

Ал, Академик Шөкин мен Кутузов көшелерінің қиылысында тұрған билбордтағы жазуды қараңыз: «Бір түнге қанша?» Бұл тақтайшадағы жазудың бір түннің құнын сұрап тұрғанына  3-ай болды. Тұрғындар әлгі жарнаманың мазмұнын ұға алмай дал.

«Бір түнге қанша?» -деген, біртүрлі жабайы жазудың ілінуіне рұқсат берген жергілікті атқа мінерлер, сірә «Павлодарда бір түннің нақты қанша тұратынын» жақсы  білсе керек?

«Абай-ақпарат»

0 пікір