Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2224 0 пікір 13 Сәуір, 2012 сағат 04:52

Мұхтар Шерім. Тік тұрып ұйықтайық!

Әйелім қыңқылдаса қоймайды, тыңдамасам, ақырында миымды пышақтың қырымен алып, нанға жұқалап жағып «жейді». Кешелі бері ызыңдай берген соң, аузын алақаныммен алты минут жаптым да, түс қайта қаладағы бажамның үйіне қыдырып баратын болдық. Қыдырып дейміз-ау, құтты болсын айтуға барамыз. Бірақ не үшін құтты болсын айтып баратынымыз есімізге түспей, есеңгіреп, есіней бердік. Не үшін келе жатқанымызды өздерінен сұрап алатын болып шештік.

Базар аралап, күн бата қаладағы көп қабатты үйдің алтыншы қабатында өмір сүріп жатқан бажам­ның да пәтеріне жеттік ау! Мен бажаммен құшақтасып, әйелім әпкесімен шөпілдесіп сүйісіп болған соң:

- Құтты болсын, бажа!-дедім.

- Не құтты болсын?-деп сұрады ол.

- Білмеймін, әйтеуір құтты болсын айтуға келдік.

- Не үшін құтты болсын айтып келдіңдер?-деп сұрады әйелімнен аумаған әпкесі.

- Ұмытып қалдық,- деді әйелім,

-әй, Мыжбан, не үшін келіп едік өзі?

- Құтты болсын айтуға...

- Не үшін деймін?

- Алдағы жылдары болатын қуаныштары үшін...

- Жарайды, келгендеріңе қуаныштымыз!-деген бажам  бізді қонақ бөлмесіне бастап кірді. Қайынбикем бізге иіліп сәлем берген келініне: «қазанға былтырдан қалған етті сала ғой!» деп тапсырма беріп жатты. Жастыққа жантайып, қабырғаға арқамды сүйей жата беріп едім, бажам құйрығын ыстық суға батырып алғандай айқайлап жіберді:

- Ойбай, бажа, қабырғаға сүйенбеші!

- Неге?-деппін.

- Қабырға құлап қалады...

- Құлап қалар болса, арғы жағынан сіріңкенің шиімен тіреп қоймайсың ба?-деп күлдім.

- Естімедің бе не? Қарағандыда  көп қабатты үйлердің бірі шалақасынан түсіп, «ұйықтап» қалды емес пе?

- Теледидардан көрдік қой,--деген мен орнымнан тұрып, балконға шыға бергенмін , темекі тартқым келген.

- Ойбай, бажеке, балконға шықпа!-деп безілдей жетіп келген бажам мені құшақтай алды.

- Неге, бажеке?

- Көрмейсің бе, балконның асты жоқ. Төмен қарасаңшы!

Көздерімді төменге сырғанатып жіберіп едім, жүрегім аузымнан шығып, бірінші қабатқа түсіп кеткендей болды. Сол түсіп кеткен жүрегімді қаңғыбас иттердің бірі жеп жатқандай, жаман әсерде болдым. Балконның асты ойылып, түсіп қалыпты!

- Тыжбан бажа,  бұл үйдің салынғанына үш жыл өтті емес пе?-деп сұрадым.

- Е-е, бүгінде алаяқ мердігерлер халықтың тағдырымен ойнайтын болды ғой. Ақшаны қалтаға басады да, шетелге қашып кетеді.

- Қала әкімі, құрылыс бөлімінің бастығы, архитектура бастықтары  «қабылдадық!» деп қол қояды емес пе?

- «Сыбайлас жемқорлық-ауызбіршілік!» деген ұранды білетін шығарсың, бері жүрші, мұнда,--деген бажам келесі бөлмеге ертіп келді. Кілемді түріп жіберіп еді, қабырғасы ырсиып, арғы жақтағы көрші үйдің бөлмесіне көзім түсті. Бір әдемі келіншек айна алдында тұр. Бір кезде шешіне бастады... Үстіндегі халатын төсекке қарай лақтырып жібергенде, менің басыма түскендей, селк ете қалдым. Бажам мені ығыстырып, жырыққа көз салды.

- Біз де көріп қалайықшы. Көрші келіншек қой. Жесір.

- Сен күнде көріп жүрген шығарсың,  былай тұршы!-деп бажамды итеріп жібердім.

- О, о, мүсіні қандай, мүсіні! Мәссаған, пенцетпен бе, әйтеуір, айна алдында қолтығының жүнін жұлып жатыр! Шашын сілкіді.. Төс...

- Немене төс?

- Төс тартарын шешіп, лақтырып жіберіп еді, төбедегі люстрасына ілініп қал­ды!

- Былай тұршы, мен де көріп қалайын!

Бажам мені ығыстыра бергенде,  еңкейіп жатқан екеумізді көріп, келіншектеріміз қосарлана айқайлады:

- Қабырғаны жалап жатырсыңдар ма, не? Былай тұрыңдар!

Ұшып тұрдық. Бажекем қайырылып қалған кілемді  орнына жіберіп, сосын қайын бикеме жәй ғана:

- Айқайламасаңшы, үй құлап қалады ғой. Түсте қала әкімі келіп кеткен,- деп міңгірледі.

- Неменеге келіпті?-деп сұрады әйелімнен аумайтын әйелі.

- Үйлеріңде сыбырласып сөйлесіңіздер, өйтпесеңіздер, үйлеріңіздің құлап қалуы ғажап емес деп кеткен...

- Ұятсыздар!-дедім мен қалшылдап,- бәрі бірігіп жейді! Содан барып, сапасыз құрылыс басталады!

Әйелім кілемді түріп жіберіп, жырыққа көз салғаны! Зымиян ғой! Әпкесінен аумайды! Әне, ол маған ызалана жақындап келеді... Ойба-ай, жақындап қалды...

- Мыжбан! Бері кел!

- Не болып қалды?

- Құтты болсын!

- Немене құт-құтты болсын?

- Мына қабырғадан секс көріп отыр екенсіңдер ғой?

- Жоға, былай ғой... мына  үй ертең құлайды! Ке- кетейікші...-дедім мен.

- Кетпейміз, осында қонамыз!-деп ашуланған әйелім секіріп қалып еді, аяқтарының асты ойылып кетті де, екі аяғы төменгі қабатқа салбырап, өзі отырып қалды. Қайын бикем де, бажам да « ыспокойно».

- Мен неғып отырмын?-деп сұрады әйелім.

- Аяғыңның асты тесіліп қалды... Тұра ғой, махаббатым менің,- деп әйелімнің қолынан ұстағаным сол, ол тырқылдай күлгені.

- Не болды жаным?-деп сұрадым мен.

- Астыңғы қабаттан біреулер табанымды қытықтап жатыр!-деді әйелім.

- Біз мұндай тесіктерге үйреніп қалғанбыз,--деді қайын бикем,--мына бөлменің еденін қараңдаршы, шұрық тесік...

- Не деген жауапсыздық! Ертең бұл үй құлайды! Тезірек біздің ауылға көшіп келіңдер!-деп қоямын. Көз алдыма құрылыстан қырнап емес, қылғытып жейтіндер елестеп кетті. Ет жеп, сорпа ішіп болған соң, дәретханасына кірейін десем, бажам жеңімнен тартады.

- Не?

- Туалет жоқ. Астына қарай құлап кеткен... Шыда...

Зәрем қалмады. Қайтып кетейік десек, түн ішінде ауылға қарай автобус түгіл арба да жүрмейді... Төсек салына ма десек, бажам маған:

- Ұйықтайық...-деді.

- Қалай?-деппін.

- Тік тұрып ұйықтаймыз,- деді қайын бикем. Зәрем ұшты.

- «Тігімнен» ұйықтап көрмеппін,--деп қалды әйелім.

- Жатуға қорқамыз. Үй құласа басып қалады ғой,-деген бажамның бетіне үңіле қарадым.

- Шенеуніктерге халық тағдыры ойыншық екен!-дедім мен.

- Қайырлы түн!-деген дауысқа қарасам, әйелім әпкесіне сүйеніп алып, маужыра-ап бара жатыр. Амал жоқ, кірпіктерім құшақтаса берген соң, бажамды құшақтадым. Ол жүдә қатты қорылдайды екен, таң атқанша кірпік ілмедім.  Құдайым-ай, тезірек таң атса екен!!!

«Абай-ақпарат»

0 пікір