Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2288 0 пікір 16 Сәуір, 2012 сағат 10:54

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА «МӘДЕНИЕТ СЕНБІЛІГІ» БАСТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет облыстағы барлық мәдениет және өнер мекемелерінде «Мәдениет сенбілігі» акциясы басталды.

Бұл акцияның жобасын ұсынушы, әрі ұйымдастырушысы облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омармен тілдескенімізде былай деді: «Жыл сайын облыс әкімінің өкімімен облыс бойынша сенбілік жұмысы басталады. Бұл жалпы сенбілікке мәдениет саласының адамдары да атсалысатын. Биыл мен осы үрдіске біраз өзгерістер енгізейін деп шештім. Қала тұрғындары қолдарына күректері мен сыпыртқыларын алып, көше тазалауға кіріскенде, мәдениет пен өнер мекемелерінің тұрғындары халыққа мәдени сенбілік жасасын деген шешім шығардым. Яғни, әр сенбіде кітапхана, мұражай, театр, концерттік ұйымдардың қызметкерлері халықтың көп шоғырланатын жерлерінде елге мәдени қызметтер ұсынуы керек».

Облыстық мәдениет басқармасынан осындай креативті тапсырма алған мәдениет және өнер саласының адамдары енді әр сенбіде Өскемен мен Семейдегі түнгі клубтарда, ресторандарда, пабтарда, саябақтар мен балабақшаларда тағы басқа адамдар мол жиналатын орындарда көрмелер, концерттер, қызықты мәдени шаралар өткізуде.

«Бұл шараны ұйымдастыру мақсатымыз - қазіргі жастарға, балабақша, мектеп жасындағы балаларға дұрыс тәрбие беру. Қазір қоғамның қай саласында болмасын теріс қылықты насихаттайтын жат пиғылды адамдар көбейіп кетті. Үлкен өмірдің табалдырығын енді аттайын деп тұрған жастардың бетін дұрыс бағытқа бұру біздің ойымыз. Себебі, кез-келген шара мемлекет саясатының іске асуына өзіндік үлесін қосуда» дейді Жақсылық Омар берген сұхбатында.

ШҚ облыстық мәдениет

басқармасының баспасөз қызметі

8-7232-26-30-63

8-701-443-29-66

www.culturevko.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1484
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512