Жұма, 18 Қазан 2024
4379 2 пікір 21 Сәуір, 2021 сағат 10:17

Қазақстан сөз бостандығы бойынша қай деңгейде?

«Шекарасыз репортерлер» ұйымы жыл сайынғы сөз бостандығының әлемдік рейтингін жариялады. Бұл туралы Factcheck.kz сайты хабарлады.

Қазақстан сөз бостандығы картасында жағдайы «нашар» деп бағаланған елдердің қатарында. Алайда, рейтингте 157-орыннан 155-орынға көтерілген.

Ал ТМД елдері арасында Қазақстанның рейтингі Ресейден (150-ші орын), Украинадан (97-ші орын), Молдовадан (89-орын), Қырғызстаннан (79-шы орын), Армения (63–ші орын), Грузиядан (60-орын), Литвадан (28-орын), Латвиядан (22–орын) және Эстониядан (15-орын) төмен.

Керісінше, Қазақстан бұл рейтинг бойынша Өзбекстаннан (157-орын), Беларусьтен (158-орын) Тәжікстаннан (162-орын), Әзірбайжаннан (167-орын) және Түркіменстаннан (178-орын) жоғары.

Рейтингте Норвегия(1-орын), Финляндия(2-орын), Швеция(3-орын), Дания(4-орын), Коста-Рика (5-орын) көш бастап тұр. Ал ең соңғы орындарда Джибути(176-орын), Қытай(177-орын), Түркіменстан(178-орын), Солтүстік Корея(179-орын) және Эритрея(180-орын) орналасқан.

Еуропа мен Америка (Солтүстік және Оңтүстік) сөз бостандығының ең қолайлы көрсеткіші бар континент ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, әлемнің 132 елінде журналистердің жұмысы қиын екені жазылған.

Abai.kz

2 пікір