Алматыда "барахолка" өртенді
Алматыда ел арасында "барахолка" атанып кеткен нарық тағы да отқа оранды. Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Куәгерлер "Кенжехан" базары өртенгенін айтуда.
"29 сәуір күні сағат 09:25-те Алматы қаласының ТЖД-ға Солтүстік айналым, 116, "Кенжехан-1" нарығында контейнерлер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түісті. Өрт орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер үш автобөлшектер орналасқан контейнерлердің отқа оранғанын көрген. Басқа контейнерлерге өрттің тарап кету қаупі туындады. Дереу арада шара қабылданып, өрт 9 минуттың ішінде ауыздықталды. 09:49-да аумағы 40 шаршы метр болатын өрт сөндірілді. Басқа контейнерлерге өрттің өтіп кетуінің алдын алдық", - деді ТЖД өкілі.
Естеріңізде болса Алматы қаласындағы нарықтарда бұған дейін бірнеше ірі өрт болған еді.
Abai.kz