Сенбі, 16 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3688 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 11:47

Қазақстандық үш оқушы әлемнің дарынды балалары туралы фильмге түседі

«Еуроталант» халықаралық үкіметтік емес ұйымының бастамашылығы бойынша әлемнің дарынды балалары туралы фильм түсірілуде, ол фильмге қазақстандық үш оқушы түседі.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Тілдәш Битуова «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты педагогикалық олимпиаданың барысында әңгімелеп берді.
«Еуроталант» ұйымының ұйытқы болуымен Францияда әлемнің дарынды балалары туралы фильм түсірілетіндігі туралы хабар алдық. Бізде үш дарынды баланың аты-жөні сұралды. Біз Жансая Әбдімәлікті, Дарын Тельман мен Бекзат Смағұловты ұсындық», - дейді Т.Битуова ханым.
Ж. Әбдімәлік Алматыдан. 8 жаста болғанына қарамастан, Жансая жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы. Ол әлемнің 72 елінің өкілін жеңген жас дарын.
Ал қарағандылық Дарын Тельман космонавтикамен және астрономиямен айналысады. Интернет шығынын қысқартуға мүмкіндік беретін Дарынның өнертабысы әлем жұртшылығының назарын аударып отыр.
Ал үшінші үміткер Бекзат Смағұлов - Павлодардан. Ол 11-ші сыныпты бітіріп жатыр, құқықтанудан республикалық олимпиаданың жеңімпазы, өлең, әңгімелер жазады.
«Есімдері бекітілгеннен кейін, олар туралы толығырақ әңгімелеп беремін. Бүкіл әлем біздің дарынды балаларымызды танитын күн алыс емес», - деп түйіндеді сөзін Тілдәш Битуова.

"ҚазАқпарат" агенттігі

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894