Алматыда тағы бір университет жұмысын тоқтатты
Білім және ғылым министрлігі Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің лицензиясын тоқтатты.
Университеттің жұмысын тоқтатуға қатысты министрлік өкілдері былай деді. "Аудит барысында университеттегі сабақтар кестеге сәйкес өтілмейтіні анықталды. Білім қимасы мен сауалнаманың нәтижелері білім сапасының төмендігін және жұмыс берушілердің кадрларды даярлауға әлсіз қатысуын көрсетті. академиялық адалдық принциптері бұзылған болса да, дипломдық жұмысты қорғауға рұқсат етіледі. Жалпы, университет білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзушылықтарға жол берді", - деді білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
Заңға сәйкес лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда студенттер мекеменің анықталған бұзушылықтарды жоюын күтпестен, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.
Abai.kz