Қытай халқы 10 жылда 72 млнға артқан
2020 жылы Қытай халқының саны 0,83%-ға артып, 1,41178 млрд адамды құрады. 2010 жылдан бері халық саны он жыл ішінде 72 млнға артқан. Бұл туралы Қытайдың статистика комитеті хабарлады.
Қытай тарихындағы жетінші халық санағы 2020 жылдың 1-қараша мен 10-желтоқсан аралығында өтті.
Санақ бойынша Қытайда 723,34 млн еркек және 688,44 млн әйел адам тұрады. Қытайдың қалалық жерінде 63,89% адам тұрақтаған. Бұл 2010 жылғы қала халқымен салыстырғанда 14,21%-ға көп. Ұлттық азшылықтар саны 8,89% құрайды.
Abai.kz