Сенбі, 23 Қараша 2024
4679 1 пікір 19 Мамыр, 2021 сағат 14:33

Ресей Тәжікстанға көмектеспек

Ресей Тәжікстанға тәжік-ауған шекарасында заманауи шекара бекетін салуға көмектеседі және жақын арада бұл үшін тиісті келісімге қол қойылады. Бұл туралы бүгін, 19 мамырда Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер қорытындысы бойынша хабарлады.

"Бүгін біз ҰҚШҰ қызметі аясында да, екіжақты түрде де тәжік-ауған шекарасын нығайту бойынша қабылданып жатқан қадамдарды талқыладық. Ресей Қарулы Күштерінің қатысуымен терроризмге қарсы жаттығулар жүйелі түрде өткізіліп тұрады және жақын арада біз үкіметаралық келісімге қол қоямыз деп жоспарлап отырмыз. Соған сәйкес біз қазіргі заманғы шекара заставасының бірінде құрылысқа қаржылай көмек көрсетеміз. Бізді Ауғанстанның солтүстік провинцияларында халықаралық террористік ұйымдар содырларының белсенділігі алаңдатады. Біз Душанбеге терроризм, экстремизм және есірткі бизнесіне қарсы күресте барлық қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз - және оны іс жүзінде қолданамыз", - деді Лавров.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435