Сенбі, 23 Қараша 2024
3792 4 пікір 24 Мамыр, 2021 сағат 16:03

Украинада Абайға ескерткіш орнатылады

22 мамырда, Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Тереховпен кездесу өткізді. Іссапар барысында қаланың орталық алаңдарының біріне ұлы Абайдың ескерткіші орнатылатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесуде мүсінші Сейфаддин Курбанов ескерткіштің жобасымен таныстырды. Бұл жоба ескерткіш-триптих түрінде жасалған. Мүсінші бұл еңбегін «Өмір ағашы» деп атайтынын айтады.

Ескерткіштің орта тұсында хакім Абай бейнеленген. Ұлы ақынның қос қапталында Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен Әзірбайжанның ағартушы, философы Мырза Фатали Ахундовтың кескіндері әдіптелген.

 

Ескерткіштің жалпы биіктігі – 4 метр. Гүлзардың аумағы – 2 543 шаршы метр. Ол Харьковтегі халық ең көп жүретін, демалыс аймағындағы көрнекі жерде орналасқан.Төңірегі субұрқақтармен қоршалып, жасыл желектермен көмкерілген.

Дархан Аманұлы өз кезегінде қала басшылығының игі бастамасына ризашылығын білдіріп, ескерткіш-триптихтің бауырлас, туысқан халықтар арасындағы рухани байланысты одан әрі тереңдетіп, олардың мәдениеті мен өнерін кеңінен тануға, игеруге және өзара ынтымақтастықты арттыруға зор септігін тигізетінін тілге тиек етті.

«Бұл ескерткішті біздің украин бауырларымыздың қазақ халқына, қазақ тарихы мен руханиятына көрсетілген шексіз құрметі ретінде қабыл аламыз», - деді елші.

Осы орайда, соңғы уақытта Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық, мәдени байланыстардың жаңа сапаға көтеріліп, ерекше қарқын алғанын атап өткен жөн.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371