Қазақстан-Армения сауда қатынасы артты
2020 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда 30% -ға артқан. Бұл туралы Kazakh Invest ұлттық компаниясы хабарлады.
«2020 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 15 млн долларды құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда (11,5 млн доллар) 30% -дан жоғары. Қазақстаннан Арменияға экспорт 2020 жылы 66%-ға өсіп, 7,3 млн долларды құраған», - делінген хабарламада.
Соңғы 15 жыл ішінде Армения экономикасына Қазақстанның тікелей инвестицияларының көлемі 56,2 миллион долларды құраса, ал Армения Қазақстанға 1,2 миллион доллар инвестиция құйған.
25 мамырда, Қазақстан-Армения бизнес форумы бейнеконференция арқылы өтті. Оған жол құрылысы, жылу желілерін жаңарту, қалалық көлік инфрақұрылымын жаңарту, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер қатысқан. Іс-шара барысында екі республиканың шенеуніктері өз елдерінің іскерлік ахуалын жоғары бағалап, әлеуетті инвесторларды шақырды.
Abai.kz