«Рухани жаңғыру» һәм шет елдегі Қазақстан мәдениеті
Қазақстанның рухани-мәдени өмірінде үлкен маңызға ие “Рухани жаңғыру” деп аталатын мемлекеттік бағдарлама бар. Аталған жобаның мақсаты – Қазақстандық мәдениетті бүкіл әлемге таныту, қоғамның әртүрлі саласында жемісті еңбек етіп жүрген жастарды қолдау, еліміздің киелі жерлерінің географиялық жобасын жасау тағы басқа.
Алайда бүкіл әлемге қауіп төндірген пандемия салдарынан аталған жоба бойынша көрмелер мен шетелдік гастрольдер тоқтатылған еді. Бірақ, Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында бірнеше ауқымды ақпараттық жұмыстарды жүзеге асырған болатын.
Ең әуелі шет елдерде жарық көрген кітаптарға тоқталсақ.
Осы уақытқа дейін Абай шығармалары мен қазақстандық қаламгерлердің Абай туралы жазған 12 кітабы басылып, ол кітаптар нидерланд, португал, украин, иврит, армян, моңғол, хинди, испан, грузин, қырғыз, түрік, малай тілдеріне аударылды.
Сонымен қатар, қазақстандық авторлардың болу елдерінің тіліне аударылған кітаптары Әзірбайжандағы Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорына, Швециядағы Лунд университеті мен Стокгольм қоғамдық кітапханасына, Мажарстандағы Сегед университетінің кітапханасына, Испанияның Каталония ұлттық кітапханасына сондай-ақ, Словакия Республикасы Ғылым Академиясының философия институтына тапсырылды.
Одан бөлек, Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі “Қазақ әдебиеті антологияларының” испан тіліндегі нұсқасын Уругвайдың, Парагвайдың, Боливияның, Перудың, Колумбияны, Эквадордың, Чилидің Бразилиядағы дипломатиялық өкілдіктеріне, ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарына, аталған елдердің ұлттық кітапханаларына табысталған болатын.
Ал, тамыз айының 19 –да Қазақстан Респубилкасы Елшілігінің ұйымдастыруымен Арменияның Ереван қаласында Абайдың “Қара сөздері” мен Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы армян тіліне аударылып, Ереван мемлекеттік университетінде тұсаукесері болды.
Сонымен өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығы жыл бойы аталып өтілді. Осыған орай шет елдерде де Әл-Фараби мен Абай орталықтары ашылған болатын. Ендігі кезекте соларға тоқталсақ.
Мәселен, Болгариядағы Абай орталығын, Эфиопиядағы Абай орталығын, Қазақстанның Сингапурдағы Абай орталығын, Чехия елшілігі мен Пәкістан елшілігі жанынан құрылған Абай орталығын, сонымен қатар Литвадағы Әбу Насыр әл-Фараби орталықтары сынды 6 орталық ашылғанын айтуға болады.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі жанындағы қазақ мәденеті орталығын, Қазақстан Республикасының Моңолиядағы Елшіліші жанындағы Абай бұрышын, АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетімен бірлескен Қазақстанның мәдениеті мен тарихын насихаттауға арналған “Абай виртуалды орталығын”, Литваның Вильнюс округінің А.Мицкевич атындағы Қоғамдық кітапханасы ғимаратында ашылған Абай оқу залын, Чехияның “Клементинум” Ұлттық кітапханасы жанындағы “Абай” мәдени-ақпарат орталығын айта кеткен жөн болар.
Ендігі кезекте “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында өткен шет елдегі мәдени шараларға тоқталсақ.
Іс-шаралардың дені қазақстың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналғанын айт кету керек. Мәселен, Беларусьта “Абаф әлемі” атты поэзиялық-музыкалық кеш өтті. Сонымен қатар, Таиландта, АҚШ-та, БАӘ-де, Болгарияда, Швецияда, Эфиопияда “Құнанбай” фильмі және “Абай. Өмірбаяны және шығармашылығы” секілді фильмдер көрсетілген болатын. Одан бөлек, Люксембургта, Гкрманияда, Мажарстанда ұлы ақынның шығармашылығына арналған поэзиялық кештер өтті. Ал, “Астана Опера” театрының солистері Герцеговиня мен Боснияда “Сараево қысы” халықаралық фестивальіне қатысқан болатын. Сонымен қатар, АҚШ-та Абай оқуларынан өткен сайыс пен Швецариядағы қазақстандық диаспора өкілдерінің Абай шығармашылығынан сыр шертетін концертін атап өтуге болады. Ал, Иранда Әбу насыр Әл-Фараби мен Абай арналған акция ұйымдастырылса, Мысырда қазақстың бас ақыны жөнінде арнайы бағдарлама көрсетілді.
Сондай-ақ, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы негізінде Қазақстанның мәдениетін шет елдерде таныту мақсатында еліміздің мәдениеті мен тарихын шетелдерде отандық фильмдер арқылы көрсетуге көп мүмкіндік болды. Айта кетсек, отандық режиссерлардың өнімдері АҚШ, Эфиопия, БАӘ, Болгария және Швецияда көрсетілді. Шетелдік көрермендер А.Садықова мен Ғ.Насыровтың “Қазақ биі” фильмін, Рүстем Әбдірашовтың “Қазақ хандығы. Алтын тақ”, “Алмас қылыш”, Досхан Жолжақсыновтың “Құнанбай”, Ақан Сатаевтың “Жаужүрек мың бала”, Арганчеевтің “Абай.Өмірбаяны мен шығармашылығы” атты фильмдерін тамашалады.
Одан бөлек, Рухани жаңғыру аясында Түркияның Анталья қаласында Абай ескерткіш тақтасы, Ресейдің Мәскеу қаласында және Мажарстанның Будапешт және Францияда Абай есскерткіштері ашылған болатын. Ал, Израильдің Хайфа қаласында Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған ескерткіш тақта ашылған еді. Сондай-ақ, Грузияның Тбилиси қаласындағы орталық көшеге Абай есімі берілді.
Жалпы алғанда осы уақытқа дейін “Рухани жаңғыру” бағдарламасы жөнінде шет елдік басылымдарда 60-қа жуық материал жарыққа шығыпты. Одан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласы шет ел тілдеріне аударылып, БАҚ-та жарияланды. Мәселен, Президент мақаласы Үндістанның “Post of Asia” басылымында, Бельгияның “EU Reporter” басылымында, Болгарияның “Факти” басылымында, Иранның “Pars Today” радиосында, Қырғызстанның “Пикир” басылымы мен “Кыргыз туусу” газетінде, Чехияның “Halo noviny” газетінде, Беларустьің “Созвучие” әдеби басылымында, сонымен қатар Тәжікстанның, Литваның БАҚ-тарында жарияланған болатын.
Еліміз үшін аса маңызды бұл “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында алдағы уақытта да іргелі істер атқарылары сөзсіз. Себебі, әр халықтың мәдени-тарихи һәм рухани өмірінің өзге елдермен байланыста болуы маңызды.
Abai.kz