Жексенбі, 1 Ақпан 2026
Жаңалықтар 127 0 пікір 1 Ақпан, 2026 сағат 16:12

Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы жобасының жариялануы

Сурет: Дамира Юсаева facebook арнасынан алынды.

Естеріңізге сала кетсек, Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындаған болатын. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын.

Дәл бүгін 2026 жылдың 26 қаңтарында Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.

Бұл – ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қадам. Жаңа Конституция жобасы мемлекет дамуының жаңа кезеңіне сай әзірленіп, саяси жүйені жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталған.

Жоба азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді, заң үстемдігін қамтамасыз етуді және әділетті қоғам құруды басты мақсат етіп қояды. Сонымен қатар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтық қоғамның рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Комиссия жаңа Ата Заңды әзірлеу барысында қоғам пікірін ескеруге, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтауға басымдық берді. Бұл құжат әрбір азаматтың мүддесін қорғап, елдің тұрақты дамуына құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді.

Жаңа Конституция жобасының жариялануы – халықтың мемлекет басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін, әділетті әрі заманауи Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

P.S. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология және биотехнология факультетінің ұжымы да Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасына сай білім және ғылым саласына, яғни өз тарапымызға тиісті мәселелердің орындалуына, мемлекетіміздің гүлденуіне және өркендеуінде сапалылық пен жауапкершілікті арттыру үшін барын салады.

Баршаңызға амандық, табыс тілейміз.
Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!.

Юсаева Дамира Анарбекқызы
Зоология, гистология және цитология кафедрасының доцент міндетін атқарушы

Abai.kz

0 пікір