Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
4559 4 пікір 7 Маусым, 2021 сағат 12:55

ҰБТ: аудиториядан шығару, жылау-сықтау басталды

Қазақстанда ҰБТ басталды. Бұл мектеп бітіруші түлектер үшін ең басты сынақ. Олардың қайндай оқуға түсетіні де осы сынақта анықталмақ. Қазіргі уақытта 224 түлек ҰБТ-ға өте алмама, тағы 563-нің нәтижелері жойылған. Бұл Қазақстандағы ҰБТ-ның аралық нәтижелері болып табылады. 

"Бүгінгі таңда 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92458 түлек қазақ тілінде, 30967 - орыс тілінде, 263 - ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Максималды балл - 140. Сонымен бірге 224 түлек аудиторияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 563 адам аудиториялардан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл тестілеуді бақылау күшейтілген. Ал температурасы жоғары түлектерге өзге күндері тапсыруға жағдай жасалған.

Abai.kz

4 пікір