Сенбі, 23 Қараша 2024
4105 0 пікір 7 Маусым, 2021 сағат 13:15

Байден Путинмен кездесуде адам құқықтарын сөз етпек

АҚШ президенті Джо Байден 16 маусымда Женевада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде адам құқықтары мәселесін көтеретінін айтты. Ол бұл мәселеде АҚШ пен Батыстың өзге елдерінің ортақ ұстанымын жеткізетінін мәлімдеген.

Байденнің бұл айтқандарын Washington Post газеті жариялады.

Байденнің Еуропаға сапары президент ретінде бірінші болғалы тұр. Ол сапары барысында бірінші кезекте одақтастары "Үлкен жетілік", НАТО және Еуроодақ лидерлерімен кездеспек.

АҚШ президенті сапарымның мақсаты "Американың одақтастары мен әріптестеріне адалдығын дәлелдеп, қазіргі дәуірге төніп тұрған қатерді тек демократиялық тұрғыдан жеңуге болатынын көрсету" деген.

Байденнің сөзінше, алдымен одақтастары, әріптестерімен бас қосқаннан кейін барып, Ресей президентімен Женевада кездеспек.

АҚШ президенті Ресейден кикілжің емес, тұрақты қарым-қатынас іздейтінін атап өтті. Бірақ Мәскеуге "зиянды іс-әрекеттері үшін" жауапкершілік жүктейтінін де жоққа шығармады.

"Біз кездескен кезде, мен АҚШ, Еуропа елдері үшін демократия мен адам құқықтары мәселесі маңызды екенін тағы еске саламын", - деген Байден.

Женевадағы кездесу АҚШ президентінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бұл ұсынысқа бастапқыда Кремль ұзақ жауап бермеді, кейіннен келісті.

Байден әкімшілігі жақында Ресейге сайлауға араласты, Украина тұтастығына қол салды, оппозиционер Алексей Навальныйды қуғындады деген себептермен тағы да санкция салған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371