Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3860 0 пікір 7 Шілде, 2009 сағат 06:19

Қытайда ұйғырлар мен хан әулетінің өкілдері қақтығысып қалды

Бүгін, яғни, шілденің 7 күні «Синьхуа» агенттігі екі күннен бері Шыжаң-Ұйғыр авотонмиялы ауданындағы Үрімжі қаласында болып жатқан оқиғалар барысы туралы ақпарат таратты. Аталған дерек көзіне сүйенсек, қытайдың құқық қорғау орындары  тәртіпсіздік шараларына қатысқан  1434 адамды ұстап, тұтқындаған көрінеді.  
Қытай мемлекетін құрып отырған халықтардың ішінде саны басым этникалық топ Ҁхан әулеті мен ұйғырлардың арасындағы қақтығыс шілденің 5-інен бері қарай жалғасып келеді. Гуандаун провинциясының Шаогуань қаласындағы ойыншық шығаратын фабрика жұмысшыларының өзара жанжалдасуының салдарынан екі ұйғыр азаматы қаза тауып, оның ақыры аталған оқиғаға ұласса керек. 
Ресми дерек көздерінің хабарлауынша, тосыннан бұрқ ете қалған қақтығыстың барысында нәсілі белгісіз 156 адам қаза тауыпты. Кеше қытай өкіметі Үрімжідегі жағдайды толық бақылауына алды, қан жоса төбелестер тиылып, полиция тәртіпті қатаң қадағалап тұр. Қала дерліктей әлемтордан ажыратылған.   
Қытай билігі Үрімжідегі оқиғаға АҚШ-та тұратын Ұйғырлардың дүниежүзілік конгрессінің жетекшісі Рәби Қадырды айыпты санап отыр. Ал, Батыс елдерінің ақпарат бұлақтары ұйғырлардың бейбіт түрде өткен қарсылық акциясын полиция күштеп таратқан соң әлгіндей жайттар көрініс тапты деп жазуда. Бірақ, ұйғырлардың қандай мәселеге қарсылық білдіргені туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. 

Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында діні мұсылман  сегіз миллионнан астам ұйғыр халқы тұрады. Ұйғыр ислам мемлекетін құруды жақтайтын «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы» қытайда экстермистік ұйым ретінде танылады.   2009 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиясындаға қытай шерігінің (полициясының) әскери базасына шабуыл жасады деген қылмыс таңылып, екі ұйғыр азамты жазаға тартылған еді. Былтыр, Пекин олимпиядасының қарсаңында теракт ұйымдастырған 17 ұйғыр азаматы опат болды.

«Абай-информ».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407