Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4990 2 пікір 10 Маусым, 2021 сағат 13:50

Қазақстандағы адам құқығының деңгейі қандай?

Президент Тоқаев 9 маусым күні Қазақстандағы адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау туралы Қаулыға қол қойды.

Тоқаевтың қаулысына сәйкес, ҚР Үкіметі адам құқықтары саласында мынадай шараларды қабылдауы тиіс:

1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:

БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

- әйелдерге қатысты кемсітуді жою;

- бірлесу бостандығына құқық;

- пікір білдіру бостандығына құқық;

- адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;

- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;

2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;

4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Азаттық радиосының мәліметінше, Freedom House ұйымы "2019 жылғы әлемдегі еркіндік. Демократия әлсіреп барады" атты есебінде 68 елде саяси және азаматтық еркіндік нашарлағанын, 50 елде жағдай жақсарғанын жазған.

Есепте Қазақстан "еркін емес" елдердің қатарына енген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420