Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2406 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 09:55

Болат Жәмішев. Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 123,8 млрд. долларды құрады

 

14 мамыр күні Мәжілісте Үкімет сағаты өтіп, онда Қаржы министрі Болат Жәмішев «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және квазимемлекеттік борышты басқару» тақырыбында тақырыбында баяндама жасады.  Төменде министрдің баяндамасын ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Қаржы министрі Болат Жәмішев:

«Әлемдік қаржылық дағдарыс дамыған және дамушы елдердің экономикасына әртүрлі дәрежеде ықпал ете отырып, әлемнің барлық елдерін қамтыды деуге болады.

Қаржылық дағдарыстың себебі мемлекеттік, сол сияқты жеке сектордың да агрессивті кредиттік саясаты болып отыр, ол айтарлықтай қысқа уақыт арасында елдердің сыртқы борыштарының өсуіне әкеп соқтырды.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттің борышын және барлық нысандағы меншік субъектілерінің борыштарын қамтитын Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 123,8 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімінің 66,6% пайызын құрады.

Барлық елдердің сыртқы борышы жиынында 59,4 трлн. АҚШ долларына бағаланып отыр. Әлемдік елдермен салыстырғанда Қазақстан борышы көлемі бойынша 36 орында. Жалпы ішкі өнімге қарағанда барлық елдердің сыртқы борышының жиыны 98% пайызға бағаланады. Осы мәндерін белгілеуде Қазақстан 43 позицияны иеленді.

 

14 мамыр күні Мәжілісте Үкімет сағаты өтіп, онда Қаржы министрі Болат Жәмішев «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және квазимемлекеттік борышты басқару» тақырыбында тақырыбында баяндама жасады.  Төменде министрдің баяндамасын ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Қаржы министрі Болат Жәмішев:

«Әлемдік қаржылық дағдарыс дамыған және дамушы елдердің экономикасына әртүрлі дәрежеде ықпал ете отырып, әлемнің барлық елдерін қамтыды деуге болады.

Қаржылық дағдарыстың себебі мемлекеттік, сол сияқты жеке сектордың да агрессивті кредиттік саясаты болып отыр, ол айтарлықтай қысқа уақыт арасында елдердің сыртқы борыштарының өсуіне әкеп соқтырды.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттің борышын және барлық нысандағы меншік субъектілерінің борыштарын қамтитын Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 123,8 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімінің 66,6% пайызын құрады.

Барлық елдердің сыртқы борышы жиынында 59,4 трлн. АҚШ долларына бағаланып отыр. Әлемдік елдермен салыстырғанда Қазақстан борышы көлемі бойынша 36 орында. Жалпы ішкі өнімге қарағанда барлық елдердің сыртқы борышының жиыны 98% пайызға бағаланады. Осы мәндерін белгілеуде Қазақстан 43 позицияны иеленді.

Борыштық жүктемені бағалау үшін неғұрлым тұрпатты борыш индикатор ретінде борыштың жалпы ішкі өнімге арақатынасы қызмет етеді. Елдің жалпы сыртқы борышын серпінінде қарастыра отырып, соңғы жылдары борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы 10 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендегенін атап өту қажет.

Жалпы сыртқы борыштың құрылымы мынандай:

- мемлекеттік борыш 5 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы сыртқы борыштан 4% пайызды құрайды;

- квазимемлекеттік сектордың борышы - 21 млрд. АҚШ доллары немесе жалпы сыртқы борыштан 17% пайызды құрайды;

- екінші деңгейдегі банктердің борышы - 8 млрд. АҚШ доллары немесе 7%;

- және корпоративтік сектордың борышы - 90 млрд. АҚШ долларын немесе 72%.

Осылайша, жалпы сыртқы борыштың құрылымындағы «қомақты» үлесі, борышы 90 млрд. АҚШ долларын құрайтын корпоративтік сектордың үлесінде. Олардың ішінде 60 млрд. долларды, тікелей шетелдік инвестициялардың бір бөлігі болып табылатын фирма аралық берешектің үлесіне келеді және резиденттердің олардың шетелдік қатысушылары мен тәуелді (аффилиирленген) кәсіпорындарының алдындағы міндеттемелерін білдіреді.

Осыған орай, фирма аралық берешекті өтеу проблемаларына байланысты сыртқы кредиторлардың тарапынан мемлекетке қысым көрсету тәуекелі өте төмен, өйткені бұл жағдайда кредитор  қарыз алушының қызметін басқаруға қатыса отырып, оның төлемге қабілетсіздігі үшін жауапкершілігін бөліседі.

Сондықтан жалпы сыртқы борышты әдетте фирма аралық берешекті қамти отырып қарастырылады. Бұл жағдайда оның көлемі 64 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімнің 34% пайызын құрайды.

Мемлекеттік борышқа келетін болсақ, онда соңғы жылдардың ішінде оның көлемі қажетті деңгейде тұр. Мемлекеттік борыш индикаторларының іс жүзіндегі деңгейі жол берілетін мәндердің аймағында және қауіп төндірмейді.

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2011-2012 жылдардағы есебіне сәйкес Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде Қазақстан «Мемлекеттік борыш» көрсеткіші бойынша 12 орында тұр.

Үкіметтік қарыз алу республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық Банктің қарыз алуы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта борыштың құрылымы айналыстағы ақша базасын реттеу үшін шығарылатын Банктік қысқа мерзімді ноталары түрінде берілген.

Қолданыстағы бюджеттік заңнамаға сәйкес борышы мемлекеттік борыштың құрамына кірмейтін жергілікті атқарушы органдар Үкіметтен қарыз алуға құқылы. Бұдан басқа, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарына тиісті қаланың бюджет тапшылығын қаржыландыруы үшін ішкі нарықтағы айналысқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруға жол беріледі.

Осыған байланысты, борышты басқару үшін мынадай борыш индикаторлары пайдаланылады:

1) мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы (60% пайыздан жоғары емес).

Қазіргі уақытта мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы қажетті деңгейде - 12%. Үкіметтік борыш республикалық бюджет тапшылығына негізделеді. Республикалық бюджет тапшылығымен бекітілгендіктен үкіметтік борыштың өсуі заңды болып табылады;

2) үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің республикалық бюджеттің кірістеріне қатынасы, яғни борыштық жүктеме.

Инфляция мен ставкалар пайызының ағымдағы деңгейі кезінде бюджетке борыштық жүктеме қажетті деңгейде тұр, ол 2011 жылы 8,9% (шегі 15% пайыздық меже) пайыз деңгейінде қалыптасты;

3) қарыз алу деңгейінің ҚР Ұлттық қорының жинақталған активтерімен барабар байланыстылығы.

Ұлттық қордың қаражатын үкіметтік қарыз алумен ауыстырудың алдын алу мақсатында қолданыстағы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында мемлекеттік мүлікке қызмет көрсетуге арналған шығыстар жыл сайынғы Ұлттық қордың шартты түрдегі тіркелген инвестициялық 4,5 табысынан аспауы тиіс.

Аталған шектеу сақталды, орта мерзімді кезеңде оның артық болуы болжанбайды.

Алайда, мемлекет борышы деңгейінің төмендеуі аясында квазимемлекеттік борыш, атап айтқанда ұлттық холдингтер мен компаниялардың борыштары  өсуде. Егер ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш 22 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімнің 12% пайызын құраса, онда квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы 21 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімнің 11,5% құрады.

Бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышына байланысты тәуекелдер қауіп-қатер тудырады. Осы субъектілер міндеттемелердің бақылаусыз өсуіне, мерзімі өткен төлемдерге, дефолтқа, сондай-ақ мемлекеттің мүмкін болатын субсидиарлық жауапкершілігіне және мемлекеттік бюджет тарапынан көмек көрсету қажеттілігіне байланысты фискалдық тәуекел көзі болуы мүмкін.

ҚР Президентінің 29.12.2006 ж. № 234 Жарлығымен бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдамаға сәйкес борышты басқару процесіне бірқатар мемлекеттік органдар тартылған.

Қаржы министрлігі мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш жөніндегі мемлекеттік саясатты орындауды қамтамасыз етеді, және оның мониторингін жүргізеді.

Ұлттық банк қаржы секторы ұйымдарының борышы жөніндегі мемлекеттік саясатты орындауды қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, елдің жалпы сыртқы борышының жай-күйін бағалау жүргізеді.

Мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышы және мемлекеттiң 50%-тен кем акциясы қатысатын ұйымдардың борышы жөніндегі мемлекеттік саясатты орындауды қамтамасыз етуді иелену құқығы бар уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Көрсетілген мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Экономикалық даму және сауда министрлігі елдің борышын басқару саясатын анықтайды. Алдағы орта мерзімдік кезеңге жалпы сыртқы өнімнің болжамын жүзеге асырады және мүмкін болатын шектерін, үкіметтік борыштың лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер беру лимиттерін белгілейді, сондай-ақ тұтастай алғанда, жалпы сыртқы борышты реттеу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.

Осылайша, борышты басқару жөніндегі мемлекеттік функциялар мемлекеттік органдар бойынша, олардың функционалдық міндеттемелерін ескере отырып бөлінген.

Қаржы министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі, Ұлттық Банк қарыз алудың өсуін шектеу жөніндегі шараларды қоса алғанда, квазимемлекеттік сектор борышының жағдайын мемлекет тарапынан бақылаудың пәрменді тетіктерін іздестіру мәселелерін қарауда. Мемлекеттің 50% және одан да көп акциялары қатысатын ұйымдар туралы айтылады. Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктердің ішкі борыштары ескерілмейді, өйткені Ұлттық Банк орындау үшін міндетті пруденциалдық нормативтер белгілейді.

Атап айтқанда, жиынтықта ЖІӨ-ге шаққанда 60% мөлшерінде мемлекеттік борыш және квазимемлекеттік борыш үшін үстіңгі шекті белгілеу ұсынылады.

Осы көрсеткіш ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілуі мүмкін. Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару саясатының негізінде және экономика салаларының басымдылықтары бөлінісінде ішкі және сыртқы қарыз алу шектерін белгілеу мүмкін. Тиісінше, борыштың салалық шектерін салалық министрліктердің Стратегиялық жоспарларында көрсету мүмкін.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ты және оның еншілес және бағынысты ұйымдарын, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ты, Қазақстанның даму банкін қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салу орынды. Жеткілікті капиталдандыру және Тәуекелдерді басқару жүйесі анықтайтын басқа да көрсеткіштерді белгілеу арқылы мұндай тыйым салу мүмкін. Бұл ретте, экономикалық орындылық негізінде көрсеткіштерді ауыстыруға болады. Бұдан басқа, бұл тыйым резидент еместерден бөліп-бөліп төлеуге тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты пайда болуы мүмкін борышқа, яғни қарапайым сауда кредиторлық берешегіне қолданылмайтынын атап өткен жөн.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің белгілі сомадан жоғары қарыз алуды (сыртқы және/немесе ішкі) тартуы туралы шешімді бақылау дәрежесіне (еншілес, немерелес және т.б.) қарамастан, міндетті тәртіппен ҚР Үкіметі қабылдауы тиіс.

Борышты басқарудағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктеріне қатысты, Ұлттық банк жалпы сыртқы борыштың жай-күйін бағалауды жүзеге асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының мониторингін жүзеге асыратын болады.

Қаржы министрлігі мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингін жүргізуді жалғастырады. Сонымен қатар, Қаржы министрлігі атынан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін талдауды жүзеге асыру шеңберінде тиісті есептер арқылы квазимемлекеттік сектордың ішкі борышын, оның ішінде Тәуекелдерді басқару жүйесі талаптарының болуы және орындалуы мәніне мониторингілеуді жүзеге асыратын болады.

Тәуекелдерді басқару жүйесі борыштың жүйелік тәуекелдерін барынша азайтуға, өсіп келе жатқан тәуекелдер туралы «ерте хабарлауға», сондай-ақ борыштық тұрақтылық қауіп-қатерін уақтылы айқындауға ықпалдасатын болады.

Мысалы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Тәуекелдерді басқару жүйесі төрт негізгі тәуекелді бөледі:

- өтімділік тәуекелі (нақты уақыт аралығында қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің теңгерімсіздігі);

- кредиттік тәуекел (өзінің міндеттемелерін орындамау не тиісінше орындамау);

- валюталық және пайыздық тәуекел (шетелдік валюта бағамдарының, пайыздың құбылмалы ставкасының өзгеруі).

Квазимемлекеттік сектордың борышын басқару жөніндегі көрсетілген ұсыныстарды іске асыру үшін қарыз алу және борышты басқару (есептеу, талдау, бақылау), борыш статистикасын қалыптастыру процесінде туындаған қатынастарды реттеу бойынша қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады»,- деді.

Мәжілісінің Баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522