Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
46 - сөз 5669 6 пікір 28 Маусым, 2021 сағат 14:16

Вакцинаның жілігін шағып түсіндіріп беретін адам бар ма?

Вакцинаның жілігін шағып, майын сорғалатып тұрып түсіндіріп беретін адам бар ма?

1. “Спутник V”, “Qazvac”- тың басқа әлемдік BioNTech/Pfizer, Sinopharm, AstraZeneca, Covaxin вакциналардан артықшылығы мен кемшілігі неде?

2. Вакцинасыз-ақ мықты иммунитет арқылы ковидті жұқтырмауға бола ма?

3. Бір рет ауырып, айыққан адам ( яғни, ағзасы вируспен таныс адам) иммунитеті мықты болса, қайта жұқтырған жағдайда оңай жазылып кету пайызы жоғары ма?

4. Вакцина қандай ауруларға, қай жастағыларға қауіпті?

5. Вакцина салдырған кейбір адамдар да жұқтырып алды. Вакцина қанша пайыз қарғай алады?

6. Қазақстанда салынып жатқан вакциналар қажылыққа баратын адамдарға жарамайды. Демек, Сауд арабия мемлекеті спутникті қабылдамайды. Қажылыққа баратын кісілер бұл мәселені қалай шешеді?

7. Вакцина қанша уақытқа жарамды? Алты ай, бір жылдан кейін қайта салдыру қажет пе?

8. Спутникті салдыртқан адам кейінірек әлемдік басқа вакцинаны салдыртса, ағзасында қайшылық болмай ма?

9. Мәжбүрлеу немесе салдыртпағандарға штраф салу қаншалық заңды?

10. Денсаулығына зиянды екенін қалай анықтауға болады?

11. Жүкті әйелдерге вакцина салдыруға бола ма? Вакцина салдырғаннан кейін қанша уақытқа дейін жүкті болуға болмайды? Жүкті болып қойған жағдайда зияны бар ма?

Қайрат Жолдыбайұлының жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 241
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 312
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 322
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 223