Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2431 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:46

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ауған соғысы ардагерлерінің барлық бастамаларын қолдайды

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрлігі Ауған соғысы ардагерлерінің барлық бастамаларын қолдайтын болады.

Бүгін  Қазақстанның Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының IV Съезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева осылай айтты.

Министрліктің жауапты хатшысы атап көрсеткендей, Ауған соғысы ардагерлері - жоғары рухтың айқын көрінісі. Бүгінде олар жас қазақстандықтардың рухын көтеріп, патриоттық тәрбие беру бойынша аянбай еңбек етіп келеді. «Мәдениет және ақпарат министрлігінің негізгі жұмысы руханиятпен тығыз байланысты болғаннан кейін, біздің жұмысымыз ортақ. Сол себепті біз Ауған соғысы ардагерлерін қолдаймыз. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын олар республика бойынша автошеру ұйымдастырып, өздерінің қатарлас достарымен кездесіп, Ауған соғысында қаза болған сарбаздардың отбасыларына көмектесті. Бұл жобаға біз де қатысып, жан-жақты қолдау көрсеттік. Міне, осындай қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Біз Ауған соғысы ардагерлерінің барлық әлеуметтік маңызы бар жобаларын қолдауға дайынбыз. Ол үшін біз дүйсенбі күні барлық облыстардың ішкі саясат бөлімдеріне хат жолдап, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының барлық жобаларын қолдау қажеттігін жеткізетін боламыз», - дейді Ж.Құрманғалиева.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470