Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2631 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:49

Украинада Алтын орда ханының жазғы қонысы табылды

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Украинаның Луганск облысының аумағынан Алтын орда хандарының жазғы қонысы табылды.

Қазба жұмыстары кезінде бұл жерден мыңдаған жез және алтын бақыр шықты, деп жазады "Алаш айнасы" газеті newsfiber.com сайтына сілтеме жасап.

В.Даль атындағы Шығыс Украина ұлттық университеті мамандарының хабарлауынша, Алтын орда хандарына тиесілі қоныс Луганск облысының Попаснян ауданы аумағынан табыл­ған. Кезінде хан шатыры бір үстірттің су айыратын жотасына тігіліпті. Ғалымдар маңайдан ауызсу көзі мен бағалы бұйымдар жасырылған жерді тапты. Одан 3 мыңнан астам жез және алтын ба­қыр, қабырғаға ілетін суретті қаңылтырлар, әйел­дердің әшекей бұйымдары, еңбек және тұрмыстық құралдар, қару-жарақ түрлері шықты. Шығыс Украина ұлттық университеті мамандары бұл орда Ғабдоллаһ хандікі болуы мүмкін деп топшы­лайды. Тарихи деректер бойынша, ол 1361 жылы Мамайдың қолдауымен хан болған. Алтын орда хандары Судак, Азау және Еділ бойындағы Сарай даласында жазғы қоныс орнатқан. Бұл жерлерде жүздеген киіз үй тігіліп, жәрмеңкелер, ойын-тойлар өткен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470