Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4693 0 пікір 7 Шілде, 2021 сағат 14:59

АҚШ пен Сауд Арабиясы Иранмен бірлесе күреспек

АҚШ президентінің қорғаныс саласы бойынша кеңесшісі Джейк Салливан сейсенбі күні Сауд Арабиясының қорғаныс министрінің орынбасары Халед бин Салманмен сөйлесті. Тақырып Иранды ауыздықтау, Тегеран қолдайтын топтардың Таяу Шығыстағы белсенділігін тоқтату болған. 

«Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Вашингтонда Сауд Арабиясы қорғаныс министрінің орынбасарымен кездесіп, екі ел арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік, аймақтық қауіпсіздік бойынша сөйлесті. АҚШ-тың Сауд Арабиясының аймағын Иран қолдайтын күштердің шабуылынан қорғау мәселесі де қаралды. Сондай-ақ, тараптар тұрақты жаһандық экономиканы  қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді үйлестіруді, климаттың өзгеруін қадағалау және Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге байланысты мәселелерді одан әрі талқылау мүмкіндігін қарастырды», - дейді Сауд Арабиясының қорғаныс министрінің орынбасары,

Кездесу барысында Сауд Арабиясындағы адам құқығы мәселесі де сөз болған.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2755
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 835