Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2887 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:52

Сот «тәрбиелік мақсатта» баласын жалаңаш күйінде далаға шығарып жіберген ата-анаға айыппұл салды

ПАВЛОДАР. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты тәрбиелеудің «ерекше» жолын таңдаған ерлі-зайыптыларға қатысты істі қарады,

деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Баланың ата-анасы ұлдарын музыкалық мектепте емтихан тапсыра алмағаны үшін қорқыту үшін оны шешіндіріп, далаға шығарып жіберген. Баланы көшеде жалаңаш көрген азамат полицияға хабарласқан. Жасөспірім қалалық ІІБ-ның Оңтүстік бөлімшесіне жеткізілді.

Баланың ата-анасы полицияға келгенімен, әрі қарай «тәрбиелеу» мақсатында оны алып кетуден бас тартқан. Ата-анасынан жәбір көрген бала облыстық жасөспірімдерді оңалту орталығына орналастырылды.

Соттың үкімімен баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамаған - әкімшілік құқық бұзушылық үшін баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Баланың әкесі мен анасына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1540
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3158
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1153
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1067