Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2600 0 пікір 22 Мамыр, 2012 сағат 12:31

Қорғансыздың күні күн емес

Егер әлдеқандай жағдай болып, ел басына улы бұлт үйіріле қалса, қазақстандықтардың бәрін қорғап қалу мүмкін болмай қалуы ғажап емес. Сондықтан кеше Парламент Үкіметке әрбір қазақстандықты «противогазбен» қамтамасыз етудің жолдарын іздестіруді ұсынды. Әйткенмен атқарушы билік бұл ұсынысты әу бастан-ақ әрі ысырып тастағанға ұқсайды.

«Үкімет сағаты» аясында де­путаттар алдында есеп беру үшін кеше Парламент табалды­рығынан Төтенше жағдайлар ми­нистрі В.Божко мырза ішке аттаған болатын. Осыны пайдаланып, де­путат Майра Айсина көкейін тескен сауалын төтесінен қойды. Қазіргідей алмағайып заманда қорғансыздың күні күн емес. Ал депутат ханымның айтуынша, кейбір елдерде заң бойынша азаматтар өздерін жеке қорғаныш заттарымен өздері қамтамасыз етуге міндетті екен. «Тіпті осы талапты орындамағандар әкімшілік жазаға тартылады» деді М.Айсина. Мұны естіп, ТЖМ бас­шысы қолды бір-ақ сілтеді: «Біздің азаматтарды «противогаздар» сатып алуға мәжбүрлеу дейсіз бе?! Біз оларды өз мүліктерін сақтандыруға мәжбүрлей алмай жүрміз, ал «противогазға» қатысты бұлай істеу екі есе қиынға айналады!» Яғни бұл - «мүмкін емес» дегенді білдірсе керек. Әйткенмен бір амалын қылу қажеттей, өйткені кеше Владимир Божконың өзі қазақстандықтарды жаппай жеке қорғаныш заттарымен қамту мәселесінің шешілмеген күйі қалып отырғандығын ашық айтты.

- Қазақстанда бұл саладағы жағдай мүлдем көңіл қуантпайды - деп күрсінді ТЖМ басшысы. - Ең көңілсізі сол, елде осы жеке қорғаныш заттарын шығаратын бір де бір кәсіпорын жоқ. Біз жаңылмасам, әскери доктринамыз бойынша, атом соғысына қатыспаймыз, ешкімге де басқыншылық жасауды көздеп отырған жоқпыз. Алайда бұл - ше­шуді қажет ететін проблема, - деген министр ШҚО-да «противогаздар» шығаратын зауыт салу мәселесі ендігі талқыланып жатқандығын қосты. Айтқандай, бүгінде әкімдіктер өз өңірлеріндегі осы қорғаныш заттарын түгендеп, оларға санақ жүргізуде екен. «Пайдаланылу мерзімі өтіп кеткен «противогаздар» өте көп» деді В.Божко. Оның бұлайша бас қатыруының жөні бар: егер төтенше жағдай орын ала қалса, айыптылар соның министрлігінен ізделмек. Оның үстіне осыған шақыратын үндеулер қазірден шығуда: депутат М.Тінікеев Божконың жұмысына жоғары баға бергенімен, Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйдің құлағаны үшін ТЖМ қызметкерлері де жауапты екендігін меңзеді. «Қарағандыдағы «Бесоба» бойынша жауапкершілік осы өңірдегі сіздің қызметіңізге де жүктелуге тиіс деп санаймын! - деді министрге қа­лаулы. - Кім жаза тартты?»

- «Бесоба» бойынша өзімнің де, менің қызметкерлерімнің де кінәміз жоқ деп санаймын! - деп шорт кесті В.Божко. - Құрылыс са­­па­сына біз жауап бермейміз. Біз қол­дан келгенді жасадық: осы ықшам­аудан­да қалыптасып жатқан жағ­дайға үш тәулік ішінде қатаң үн қаттық, сөйтіп, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге пә­терлерінен кетуден қорыққан, қаламаған жекелеген тұрғындарды, тіпті күштеп дерлік сыртқа шығардық.

«Үкімет сағатында» депутаттар ТМЖ-ның орасан зор қаржыны игермей тастағанын бетіне салық қылған болатын. Ең қызығы сол, бұған жауап ретінде Божко мырза бұл үшін өзіне тіпті алғыс жариялануы керектігін ескертті. «Игерілмеген 6 миллиардтан астам қаржының 1 миллиард 300 миллионы үшін маған алғыс жазылуы қажет! - деді ТЖМ басшысы. - Себебі біз Көк­сарай құрылысында осынша қар­жы үнемдедік. Мен мұны игермеу деп санамаймын, бұл - бөлінген қаржыға шаруақорлықпен қарау». Ал қалған қаржы ішкі нарықтағы мұнай өнімдері құнының тұрақсыздығы кесірінен «мемматрезервке» ЖЖМ сатып алынбауы кесірінен игерілмеген көрінеді: тіпті тендерді ұтып алған компаниялар да бағаның көтерілуіне орай өнім жеткізуден бас тартыпты.

Жалпы алғанда, өткен жылы ТЖМ жедел ден қою күштері 8662 адамды құтқарған, төтенше жағдай аймағынан 10184 адамды эвакуациялаған, 15 мың өртті сөндірген.

Айхан ШӘРІП

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439