Қазақстан көші-қон саясатын пысықтады
Кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Президент жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелерін Ақордаға жиып, отырыс өткізді. «Еліміздің әлем таныған аса зор табыстары Қазақстан азаматтығы институтының да беделін барған сайын арттыра түсуде, - деді Мұхтар Абрарұлы. - Мұның өзі - Елбасының ұлтаралық, дінаралық және қоғамдық келісімге негізделген сарабдал саясатының арқасы. Бұл - Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыртудағы Қазақстан қол жеткізген толағай табыстарының әлемдік деңгейде мойындалғандығының айқын айғағы».
Комиссия мүшелерінің қарауына «Қазақстан азаматтығына қабылдау» ғана емес, «Қазақстан азаматтығынан шығу мәселелері, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан шығу мәселелері бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігінің өзара әрекеттері туралы» деген «күн тәртібі» шығарылды. Бір айта кетер жайт, соңғы жылдары көші-қон үдерісінде Қазақстанда тұруды саналы түрде таңдайтындар қатарының өсіп отырғандығы байқалады.

- Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлемнің әртүрлі елдерінен келген 850 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, - деді Мемлекеттік хатшы. - Олардың басым көпшілігі, атап айтар болсақ, 780 мыңға жуығы - тағдыр талайымен, ашаршылық және сталиндік қуғын-сүргін жылдарында тарихи Отанынан амалсыз көшуге мәжбүр болған біздің қандастарымыздың ұрпақтары.
М.Құл-Мұхаммедтің мәліметінше, бертінде, 1990 жылдары Германияға, Грекияға, Ресейге, Украинаға, Беларусьқа және тағы да басқа елдерге көшкен жұрттың соңғы жылдары Қазақстанның азаматтығын қайта алуға құштарлық білдіруі және оралу үрдісі жүруде. Элегиялық-ностальгиялық астарын айтпағанда, мұның нақты экономикалық себебі де бар. «Бүгінде әлемнің көптеген елдерін дағдарыс жайлаған, - деді Мұхтар Абрарұлы. - Еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы, зейнетақы мөлшері қысқартылу үстінде. Ал Қазақстан ауқымды индустриялық жобаларды іске асырып, жаңа мектептер, ауруханалар, балабақшалар, қолжетімді баспаналар салып, қарқынды даму жолына түсіп отыр. Бұл - Елбасының әлеуметтік, экономикалық саясатының дұрыс екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес, жыл сайын қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі артып келе жатыр». Мемлекеттік хатшы дүниежүзі назарын өзіне аударған V Астана экономикалық форумын, алдағы аптада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІV съезін «Президентіміз таңдаған «Қазақстандық жолдың» табыстылығының тамаша дәлелі» деп бағалады.
Комиссия мүшелеріне қайырылған Мұхтар Құл-Мұхаммед оларды көгілдір құжатымызды төсіне басып, Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген әрбір адамның өтінішін мұқият қарауға шақырды. Күн тәртібіне шығарылған мәселелерді «өте маңызды» деп атаған Мемлекеттік хатшы олар бойынша кейінгі кезде жауапты меморгандардың бірқатар жұмыстар атқарғандығын, бұл құрылымдардың ақпараттары тегіс комиссия мүшелеріне таратылғандығын ескертті.
Жиын барысында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Т.Донақов пен ҰҚК және Сыртқы істер министрлігі басшыларының есептері тыңдалды. Талғат Донақов азаматтық алу процедурасы оңтайландырылып жатқандығын жеткізді. Былтырғы шілдеде азаматтық алу туралы заңнамаға тиісті өзгерістер ендігі ензігілген екен. Жиын қорытындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар жасалды.
«Айқын» газеті