Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Алматы облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысына және мердігерлік ұйымның басшылығына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі өзінің Telegram парақшасында хабарлады.
- Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс аумағында объект салу үшін бөлінген 666 млн.теңгені құрайтын шарт сомасының 15% есебінен «кері қайтару» ретінде бұрын келісілген 90 млн. теңгеден 33 500 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Басшы сонымен қатар бөлінген қаражат есебінен салынған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы деп таныған және объектіде орындалған жұмыстардың көлемін одан әрі кедергісіз қабылдаған.
Осы қылмысты іске қатысты лауазымды тұлға, мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оларды қамауда ұстау шартын таңдау туралы мәселе шешілуде. Тергеу жалғасуда, - делінген хабарламада.
Ведомствода Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жариялануға жатпайтынын айтты.
Abai.kz