Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3440 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 10:05

Серік Сейдуманов: «Заң қабылдансын, сосын көреміз» (видео)

«Алматы қайтадан Алма-Ата болуы мүмкін. Әкімнің және менің көзқарасыма сәйкес, қала атының Алма-Ата болғаны әдемі жазылады, әдемі тасымалданады және жақсы естіледі. Конституцияны жазғанда оны дайындағандар ешкімнен сұрамай қазақша да, орысша да қаланың атын «Алматы» деп жіберген», деп Ата заңдағы «қателікті» түзетуге бейілді екенін паш еткен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов жұрт ішінде қызу талқыға түскен «Алма Ата»-сына орай 31 телеарнаға сұхбат беріпті. Төменде аталған арнаның келісімімен С.Сейдумановтың қысқаша сұхбатының бейне түсірілімі мен сөзбе сөз мәтінін беріп отырмыз.
«Абай-ақпарат»

Серік Сейдуманов:
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

-Қазір де, болашақта да Алматы қаласының аты - Алматы болып қалады. Қазақ тілді қалай, бұрын да Алматы болған, қазір де Алматы, болашақта да Алматы болып қалады деп ойлаймыз. Бірақта, бұрында совет уақытында біздің Алматы қаласының аты -Алма-Ата деген боп тұрған да, орыс тілінде Алма-Ата. Сондай транскрипция болған. Қазір де шетелдіктерде ағышлын тілі ғой, білесіз ғой, көп мемлекеттерде дамыған, көп адамдар сөйлейді. Ол жерде де транскрипцияға қарасақ, о да Алма-Ата деген. Сол үшін заңды қабылдасын, сосын көреміз. Ондай ұсыныстар бұрында болған. Әлі мәслихат комиссияда қараймыз. Қандай шешім болады екен, оны ономастика комиссиясы шешеді. Сол, солай, сондай болжамды кеше мен айтқанмын. Ол - болжам. Болады ма, болмайды ма - ол қаралады. Содан кейін барып, сондай шешім, қандай шешім қабылданса, соны сіздерге жеткіземіз.
-Мұны қала басшысы да қолдап отыр ғой ие?
-Ондай бар ғой, ол кісіде бір-екі рет журналистер сұраған.  Осындай кездесулерде сұраған. Қалай қарайсыз, сіз сондай транскрипцияға - ағышлын тілді, орыс тілді Алма - Ата болып жазылса, бұрынғыдай. Ол кісі айтқан: «Қолдауға болатын шығар» дегендей, сондай пікірін бар ғой, білдірген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338