Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9524 5 пікір 6 Тамыз, 2021 сағат 17:35

Бәрі Мәскеуден қорқады

Мәскеуден қорқам!

Мен емес. Біздің шенеуніктер қорқады.

- Сол қорқыныштың кесірінен ақшадан айырыламыз;

-  Сол қорқыныштың кесірінен тиімсіз келісімдерге қол қоямыз;

- Сол қорқыныштың кесірінен таяқ жейміз!!!

- Тура мағынасында таяқ жейміз. Дәл бір жыл бұрын таяқ жедік, жарасы жазылды, ұмытып кеттік!!!

Былтыр маусым айында "Тиолайн" ЖШС директорының орынбасары Кирилл Саверский Солтүстік Қазақстан, Тайыншаға барып төбелес шығарған, кен байыту комбинатына басып кірмек болған. ГОКта жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді, зауытты қорғап тұрған күзетшілерді соққыға жыққан. Оннан аса адам жарақат алып, бәлніске түскен. Айғай-шу көтерілген, полиция араласқан, сот іс қозғаған. Саверский сотталған, жақтастары да жақсылық көрмеген. Алайда, содан бері ГОК-та тыныштық жоқ, береке жоқ, қызметкерлерде ертеңге деген сенім жоқ. Бақандай 500 адамның тағдыры қыл үстінде тұрғанда Солтүстіктің әкімі Құмар Ақсақалов та селт етпейді. Орысы бар, басқасы бар, анталаған шетелдіктер қазақтың жеріндегі байлықты, яғни ГОКты бөлісе алмай жатыр. Өздерімен кетсе бір жөн. Қарапайым халықтың жүйкесін жеп, ішкенін ірің, жегенін желім қылып қойды... "Тоқтаааааат бассыздықты, халықтың ашуына тиме" дей алатын шенеунік Қазақта жоқ!!!

Бәрі Мәскеуден қорқады

Алмас Алтайдың жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371